User manual

МҰЗДАТҚЫШ КАМЕРА МҰЗЫН
ЕРІТУ
Мұздатқыш сөрелер мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде ылғи қырау жиналып
тұрады.
Қырау қабатының қалыңдығы
шамамен 3-5 мм жеткен кезде
мұздатқышты жібітіңіз.
Қырауды тазалап алу үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
Құрылғыны өшіріңіз.
2.
Ішінде сақталып тұрған тағамды алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын
жерге қойыңыз.
3.
Есікті ашық қалдырыңыз.
4.
Құрылғы мұзы жібіп болғаннан кейін,
оның ішін мұқият құрғатыңыз да, ашасын
розеткаға сұғыңыз.
5.
Құрылғыны қосыңыз.
6.
Температура түймешесін максимум
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны осы
параметрде тұрған қалпы екі немесе үш
сағат қосыңыз.
7.
Алдында алып қойған тағамдарды
қайтадан камераға салыңыз.
Буландырғыштың қырауын ешқашан
өткір металл құралдарды пайдаланып
қырмаңыз,оны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін. Өндіруші ұсынған тәсілден
басқа әдіспен, механикалық құралды
қолданып немесе жасанды жолмен
мұзды жылдам ерітуге
әрекеттенбеңіз. Құрылғы мұзын еріту
барысында орамдағы тағамдардың
температурасының жоғарылауы,
олардың сақталатын мерзімін
қысқартуы мүмкін.
ҰЗАҚ УАҚЫТ БОЙЫ
ПАЙДАЛАНБАУ
Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын
жағдайда мына сақтық шараларын
орындаңыз:
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
барлық тағамдарды шығарыңыз
мұзын ерітіп (егер бар болса), құрылғыны
және барлық керек-жарақтарын тазалаңыз
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/
есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса,
электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі
тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап қойып отыруын
сұраңыз.
14
www.electrolux.com