User manual

Тоңазытқыш камераның
температурасын тоңазытқыш
температурасы регуляторын бұрап
реттеуге болады және температура
шамамен +2°C және +8°C градус
аралығында ауытқып отырады.
Мұздатқыш камераның температурасын
мұздатқыш температурасы регуляторын
бұрап реттеуге болады және
температура шамамен -15°C және -24°C
градус аралығында ауытқып отырады.
Температура регуляторын бұраған кезде
бейнебет жыпылықтайды да, онда
қажетті температура пайда болады.
Тағамды дұрыс сақтау үшін мына
температураларды орнату қажет:
тоңазытқыш ішінде +5°C
мұздатқыш камера ішінде -18°C.
Қажетті температураны орнатқан соң
температура регуляторын 5 секунд
бұрамасаңыз, бейнебетте мұздатқыш
камераның температурасы пайда
болады.
Құрылғыны іске қосу үшін мына
әрекеттерді орындаңыз:
максимум суық температураға жету
үшін температура регуляторын сағат
бағыты бойынша бұраңыз
минимум суық температураға жету
үшін температура регуляторын сағат
бағытына қарсы бұраңыз.
Осы екеуінің аралығындағы
температура әдетте неғұрлым сай
келетін температура деп есептеледі.
Дегенмен, температура күйін дәл тауып
орнату үшін құрылғының ішіндегі
температураның төмендегі жағдайларға
байланысты екендігін есте ұстау қажет:
бөлме температурасына
есіктің қаншалықты жиі
ашылатындығына
сақталатын тағамның мөлшеріне
құрылғы орнатылған жерге.
Shopping функциясы
Жылы тағамды көп мөлшерде мысалы,
азық-түлік дүкенінен келген соң бірден
салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым
тез тоңазытып алу үшін, әрі
тоңазытқыштағы тағамдар жылып
кетпес үшін Shopping функциясын
қосуды ұсынамыз.
Shopping функциясы, функция
түймешігін(қажет болса бірнеше
рет)тиісті белгіше
пайда болғанша
басқан кезде қосылады.
Shopping функциясы шамамен 6 сағат
уақыт өткен соң автоматты түрде өшеді.
Функцияны кез келген уақытта функция
түймешігін басып("Функцияларды іске
қосу" тарауын қараңыз)ажыратып қоюға
болады.
Action Freeze функциясы
Жаңа әкелген тағамдарды мұздату үшін
Action Freeze функциясын қосуыңыз
қажет. Функция түймешігін(қажет болса
бірнеше рет)тиісті белгіше пайда
болғанша басыңыз.
Бұл функция 52 сағаттан соң автоматты
түрде тоқтайды.
Функцияны кез келген уақытта функция
түймешігін басып("Функциялар мәзірі"
тарауын қараңыз)ажыратып қоюға
болады.
Артық температураны ескерту сигналы
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның көбейгенін(мысалы,
электр қуаты өшкен кезде)төмендегідей
көрінеді:
температура мәні жыпылықтайды
тоңазытқыш камерасының көрсеткіші
жыпылықтайды (Тоңазытқыш
камерасының көрсеткіші)
бейнебет фоны қызыл түске енеді
дыбысты сигнал естіледі
ескерту белгішесі көрінеді.
Қалыпты жұмыс режимі орнағанда:
•дыбысты сигнал өшеді
температура мәні жыпылықтауын
жалғастырады
бейнебет фоны қызыл қалпы қалады.
Дыбысты сигналды өшіру үшін функция
түймешігін/ескерту сигналын бастапқы
қалыпқа көшіру түймешігін басқан кезде,
камера ішінде орын алған ең жоғарғы
температура
көрсеткішінде бірнеше
секунд көрсетіліп тұрады.
Осы кезде жыпылықтау тоқтайды да,
бейнебет түсі қызылдан аққа ауысады.
Ескерту циклі орын алып тұрған кезде
функция түймешігі/ескерту сигналын
қайтару түймешігі арқылы дыбысты
сигналды өшіріп қоюға болады.
Тағамды сақтауға болатын қалыпты
жағдай орын алғанша бейнебет фоны
қызыл болып жанып тұрады.
22 electrolux