User manual

Сынақ институттарына арналған ақпарат
Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға жолдаңыз.
info.test@dishwasher-production.com
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
5. ФУНКЦИЯЛАР
Параметрлерді бағдарламаны
бастамай тұрып іске қосыңыз немесе
сөндіріңіз. Параметрлерді
бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
қосу немесе сөндіру мүмкін емес.
Егер бір немесе бірнеше
параметрлер орнатылса, тиісті
индикаторлардың бағдарламаларды
бастамай тұрып қосылғанына көз
жеткізіңіз.
5.1 EnergySaver
Бұл функция соңғы шаю циклының
температурасын азайтады.
Осы функцияны пайдаланған кезде қуат
мөлшері (25% пайызға дейін) азайып,
бағдарламаның уақыты қысқарады.
Бағдарламаның соңында ыдыстар дымқыл
болуы мүмкін.
EnergySaver функциясын іске қосу
1. Option түймешігін EnergySaver
индикаторы жанғанша басыңыз.
Бейнебетте бағдарлама ұзақтығының мәні
жаңартылып көрсетіледі.
Егер бұл параметр бағдарламада
жұмыс істемесе, тиісті индикатор
жанбайды.
5.2 Multitab
Бұл параметрді аралас жуғыш таблеткаларды
қолданғанда ғана іске қосыңыз.
Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай
тоқтатады. Тиісті индикаторлар сөніп тұрады.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Multitab функциясын іске қосу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Option түймешігін Multitab индикаторы
жанғанша басыңыз.
Параметр сөндіргенше қосулы тұрады. Option
түймешігін Multitab индикаторы сөнгенше
басыңыз.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат мен
ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке қолданар
алдында мына қадамдарды орындаңыз:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
және ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
5.3 MyFavourite
Осы функцияның көмегімен жиі
пайдаланылатын бағдарламаны орнатуға
және жадыға сақтап қоюға болады.
Жадыға бір уақытта 1 бағдарламаны
ғана сақтауға болады. Жаңа
параметр алдыңғы параметрді
өшіреді.
Бағдарламаны жадыда қалай сақтау керек
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Жадыға сақтағыңыз келген бағдарламаны
орнатыңыз. Бағдарламада пайдалануға
болатын функцияларды да орнатуға
болады. Multitab және Delay
функцияларын жадыда сақтау мүмкін
емес.
3. Program және Delay түймешіктерін
бағдарламалардың және функциялардың
индикаторлары жыпылықтай бастағанша
бірге басып ұстап тұрыңыз.
24
www.electrolux.com