Basic Guide

Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас бұрын
мына ақпараттарды мұқият оқып шығыңыз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығын құрылғымен
бірге сақтаңыз.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл құрылғыны өзгертпеңіз немесе оған
өзгеріс енгізуге әрекеттенбеңіз. Бұндай
әрекет өз басыңызға қауіп төндіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып тиын,
түйреуіш, брошка, бұранда шегелердің
барлығының алынғанын тексеріңіз.
Оларды жуатын кірмен бірге салып
жіберсеңіз, құрылғы елеулі ақаулыққа
ұшырауы мүмкін.
Жуғыш затты ұсынылған мөлшерде
қолданыңыз.
Кішкене заттарды (нәски, белбеу т.с.с.)
зығыр дорба немесе жастықтың қабына
бірге салыңыз.
Құрылғыны қолданып болғаннан кейін, су
құятын түтікшені ағытып, жауып қойыңыз.
Құрылғыны тазалау немесе жөндеу
жұмыстарын жүргізердің алдында,
әрқашан электр желісінен ағытыңыз.
Материалы жыртық, салбырап тұрған
немесе тігіліп болмаған киімдерді
машинада жумаңыз.
Орнату
Құрылғыны жеткізе салысымен орамынан
шығарыңыз немесе орамынан шығарып
беруді сұраңыз. Құрылғының сыртының еш
жерінің бүлінбегенін тексеріңіз.
Тасымалдау барысында орын алған
ақаулардың барлығын сатушыға
хабарлаңыз.
Тасымалдау үшін қолданылған болттар
мен орам материалдарының барлығын
құрылғыны орнатпай тұрып алыңыз.
Құрылғыны су жүйесіне тек білікті
сантехник маман ғана қосуға тиіс.
Үйдегі электр желісін құрылғыны қосуға
лайық етіп бейімдеу қажет болса, тек
білікті электршіні шақыртыңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң, қорек
сымының оның астында қалып
қоймағанын тексеріңіз.
Құрылғыны кілем төселген еденге
орнатсаңыз, кілемнің құрылғы астындағы
желдеткіш саңылауларды бітеп
тастамағанын тексеріңіз.
Құрылғыға ережелерге сай келетін, жерге
қосылған аша орнатылуға тиіс.
•Құрылғыны электр желісіне қоспай тұрып,
"Электр қосылымы" тарауында берілген
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Қорек сымын тек ғана уәкілетті қызмет
көрсету маманы ауыстыруға тиіс.
Құрылғы дұрыс орнатылмағандықтан орын
алған ақаулықтар үшін өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
орындалуға тиіс
Егер құрылғы температурасы 0°C градустан
төмен жерде қалатын жағдай туса, төмендегі
сақтық шаралары орындалуға тиіс:
Шүмекті жабыңыз да, су құятын түтікшені
ағытып алыңыз.
Осы түтікше мен су төгетін түтікшенің
ұшын, едендегі легенге салыңыз.
Су төгу бағдарламасын таңдаңыз да, оны
цикл аяқталғанша орындаңыз.
Құрылғыны электр желісінен
бағдарламаны таңдайтын түймешені
"Тоқтату"
қалпына қойып ағытыңыз.
Құрылғыны ажыратыңыз.
Су құятын және төгетін түтікшелерді
орындарына қойыңыз.
Осы жолмен түтікшелерде қалған суды төгіп,
мұз қатып, құрылғыға зақым келудің алдын
аласыз.
Құрылғыны қайта қоспай тұрып,
температурасы нөлден төмен түспейтін
жерге қойылғанын тексеріңіз.
Пайдалану
Құрылғы тек үйде, қалыпты жағдайда
қолдануға арналған. Құрылғыны
өнеркәсіпте қолдануға не коммерциялық
немесе басқа ешбір мақсатта қолдануға
болмайды.
Кір жууды бастамай тұрып, әр заттың
затбелгісінде көрсетілген нұсқауларды
қараңыз.
Дақтарын жанармай, спирт, трихлорэтилен
т.с.с. заттармен тазартқан киімдерді кір
жуатын машинаға салмаңыз. Осы тәрізді
дақ кетіргіштер қолданылса, аталмыш
заттар буланып ұшып кеткенше заттарды
кір жуатын машинаға салмаңыз.
Бос қалталар және қатталмаған заттар.
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезім
жүйесіне қатысты шектілікке ие немесе
пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен
білімінің аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
12 electrolux