Basic Guide

Су құятын сүзгілер
Тазалау үшін, төмендегіні орындаңыз :
1
ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ АҚАУЛЫҚ
Аталмыш құрылғы зауыттан шыққанша көп
мәрте тексеріліп, сынақтан өткізілген.
Дегенмен, қандай да бір ақаулықты
байқасаңыз, қызмет көрсету орталығына
хабарласпас бұрын төмендегі тарауларды
қараңыз.
Ақаулық Себептері
Кір жуғыш машина іске
қосылмайды немесе
оған су құйылмайды:
құрылғы дұрыс қосылмаған, электр орнатымы жұмыс істемей
тұр, қуат берілімінде қате бар,
құрылғының есігі мен барабанның есікшелері дұрыс жабылған
жоқ,
бағдарламаны бастау параметрі дұрыс таңдалмаған,
су беру тоқтатылған, су шүмегі жабық,
су құятын түтіктің сүзгілері ластанған,
су құятын түтікте қызыл таңбалама пайда болады.
Құрылғыға су толады
да, дереу сарқылып
қалады:
су төгетін түтіктің U-тетігі тым төмен орналасқан (орнату
тарауын қараңыз).
Кір жуғыш машина
шаю циклін
орындамайды немесе
суын төкпейді:
су төгетін түтік бітелген немесе майысып қалған,
су төгетін түтіктің сүзгісі бітеліп қалған,
теңгерім сақталмай тұрғанын анықтайтын құрал іске қосылған:
кір барабан ішіне дұрыс салынбаған,
“Суды төгу” бағдарламасы немесе “Түнгі цикл” немесе “Шаюды
кідірту” параметрі таңдалған,
су төгуге арналған U-тетігінің биіктігі дұрыс емес.
Кір жуғыш машинаның
айналасына су
аққанын көрсеңіз:
жуғыш зат тым көп салынғандықтан, көбік сыртқа төгілген,
кір жуғыш машинада қолдануға жарамайтын жуғыш зат
қолданылған,
су төгуге арналған U-тетігі дұрыс орналастырылмаған,
су төгетін түтіктің сүзгісі орнына дұрыс қойылмаған,
су құятын түтіктен су ағып жатыр.
Кір қанағаттанғысыз
жуылған:
кір жуғыш машинада қолдануға жарамайтын жуғыш зат
қолданылған,
барабанға тым көп кір салынған,
жарамайтын жуу циклі таңдалған,
жуғыш зат жеткіліксіз салынған.
Машина дірілдеп,
шуыл шығарып тұр:
құрылғыдан орам материалдарының барлығы алынбаған
(орнату туралы тарауды қараңыз),
құрылғының деңгейі және теңгерімі дұрыс орнатылмаған,
құрылғы қабырға немесе жиһазға тым жақын орнатылған,
жуылатын кір барабанға біркелкі салынбаған, салынған кір тым
аз,
құрылғының қозғалтқышы бір қалыпқа келуде, шуыл сәлден соң
жоғалып кетеді.
18 electrolux