Basic Guide

Электр қосылымы
Бұл кір жуғыш машинаны тек ғана бір
фазалы 230 В желіге қосу керек.
Сақтандырғыш қуатын тексеріп алыңыз: 13 A
- 230 В арналған. Құрылғыны ұзартпа
сыммен немесе көп-ашалы адаптер арқылы
жалғауға болмайды. Ашаның жерге
қосылғанын және қолданыстағы ережелерге
сай келетінін тексеріп алыңыз.
Орналастыру
Құрылғыны қатты әрі біртегіс, желдетілетін
жерге орналастырыңыз. Құрылғының
қабырға немесе басқа жиһазға тиіп кетпеуін
қадағалаңыз. Құрылғының деңгейін дұрыс
орнатсаңыз, діріл, шуыл шығудың немесе
іске қосылып тұрған кезде орнынан жылжып
кетудің алдын алады.
ҚОРШАҒАН ОРТА
Құрылғыны тастау
белгішесі бар материалдардың
барлығын қайта өңдеуден өткізуге
болады. Оларды жинап алу мен қайта
өңдеуден өткізу үшін қалдық тастауға
арналған (жергілікті әкімшіліктен
сұрастырыңыз) жерге тастаңыз.
Құрылғыңызды тастаған кезде, басқалар
үшін қауіпті болуы мүмкін бөлшектерінің
барлығын алып тастаңыз: құрылғының
астыңғы жағындағы қорек сымын кесіп алып
тастаңыз.
Өнімдегі немесе оның орам
материалдарындағы
белгішесі, бұл өнімді
тұрмыстық қалдық ретінде қарауға
болмайтындығын көрсетеді. Керісінше оны
электр және электроника жабдықтарын қайта
өңдеуден өткізу үшін жинайтын жерге жерге
апарып тапсыру керек. Құрылғыны тиісті
жерге тастау арқылы оны қоқысқа дұрыс
тастамаған жағдайда орын алуы ықтимал,
қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін
ерекше қатерлі жағдайлардың алдын алуға
өз көмегіңізді тигізесіз. Осы өнімді қайта
өңдеуден өткізу туралы қосымша ақпарат
алу үшін жергілікті басқарма мекемесіне,
тұрмыстық қалдықтарды тастауға жауапты
ұйымға не құрылғыны сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау
Су мен қуатты үнемдей отырып,
қоршаған ортаны қорғауға көмектесу
үшін мына әрекеттерді орындауды өтінеміз:
Құрылғыны мүмкіндігінше толтыра іске
қосыңыз және оны жартылай толтырмауға
тырысыңыз.
Алдын ала жуу және жібіту
бағдарламаларын тек қатты кірлеген
заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
Жуғыш затты судың кермектігіне, салынған
кірдің мөлшері мен кірдің қаншалықты
кірлегеніне қарай отырып, тиісті мөлшерде
қолданыңыз.
electrolux 21