User manual

МҰЗДАП ҚАЛУДАН
САҚТАНДЫРАТЫН ШАРАЛАР
Егер құрылғы 0°C градустан төмен
жерде тұратын болса, келесі сақтық
шараларын орындау керек:
Шүмекті жауып, су құятын түтікті
ағытыңыз.
Осы түтіктің ұшын жəне су төгетін
түтіктің ұшын едендегі шылапшынға
салыңыз.
Су төгу бағдарламасын таңдап, оны
циклдің соңына дейін орындаңыз.
Бағдарлама тетігін "Тоқтату" қалпына
дейін бұрап құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Су құятын түтік пен су төгетін түтікті
орнына қойыңыз.
Сонда түтіктерде қалған су ағып, мұз
болып қатып, құрылғыға зақым келтіре
алмайды.
Құрылғыны қайта іске қосар алдында,
температурасы қату температурасынан
төмен жерде тұрмағанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРІМ! Бұл машина бөлме ішіндегі
қалыпты температурада пайдалануға
арналған. Мұз қату
салдарынан болған
ақаулықтарға өндіруші жауапты емес.
ЖҰМЫСТАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР
Аталмыш құрылғы зауыттан шыққанша
көп мəрте тексеріліп, сынақтан
өткізілген. Дегенмен, қандай да бір
ақаулықты байқасаңыз, құрылғы
сатылғаннан кейін қызмет көрсету
орталығына хабарласпас бұрын
төмендегі тарауларды қараңыз.
Ақаулық Себептері
Құрылғы іске
қосылмай тұр немесе
оған су құйылмайды:
құрылғы розеткаға дұрыс қосылған жоқ, электр қосылымы
жұмыс істемей тұр, электр қуаты жоқ,
құрылғының қақпағы жəне барабанның ысырмалары мықтап
жабылмаған,
бағдарламаны бастау пəрмені дұрыс таңдалмаған,
сумен жабдықтау құбыры бекітілген, су келетін шүмек жабық,
су құятын сүзгілер ластанған (“Тазалау менен күтім көрсету
тарауын қараңыз).
Құрылғыға су
құйылады, бірақ дереу
ағып кетеді:
су төгетін түтіктің U-тетігі тым төмен орналасқан ("Орнату"
тарауын қараңыз).
Құрылғы шаю циклын
бастамайды немесе
оның суы төгілмейді:
су төгетін түтік қысылып немесе бұратылып қалған,
қоқыс сүзгісі ластанған (“Күту менен тазалау”),
теңгерімсіздік детекторы іске қосылған: жуылатын кір барабанға
біркелкі салынбаған,
•"Төгу" бағдарламасы немесе "Түнгі цикл" немесе "Шаюды
кідірту" параметрі таңдалған,
су төгуге арналған U-тетігінің биіктігі дұрыс емес.
Құрылғы айналдыру
циклын орындамайды:
кір теңгеріміне байланысты мəселе орын алды: көбірек кір
қосып немесе барабандағы кірлерді таратып салыңыз.
Құрылғының
айнласына су аққанын
көрсеңіз:
жуғыш зат тым көп салынғандықтан, көбік сыртқа төгілген,
жуғыш зат машинада кір жуу үшін жарамайды,
су төгуге арналған U-тетігі дұрыс орнатылмаған,
су келетін түтіктен су жылыстап жатыр.
Жуу нəтижелері
қанағаттанарлық
емес:
жуғыш зат машинада кір жуу үшін жарамайды,
барабанға тым көп кір салынған,
жарамайтын жуу циклі таңдалған,
жуғыш зат жеткіліксіз салынған.
electrolux 27