User manual
Айналдыру жылдамдығын таңдау
Айналдыру жылдамдығын өзгерту үшін
түймешігін басыңыз. Сонымен қатар
"Шаюды кідірту"
немесе "Түнгі цикл"
функциясын таңдауыңызға болады.
Ең үлкен айналдыру жылдамдығын
"Жуу бағдарламалары" тарауынан
қараңыз.
Шаюды кідірту
Осы функция таңдалса, киімдер
мыжылып қалмас үшін соңғы шаю
циклынан қалған су түгел төгілмейді.
Түнгі цикл
Бұл параметрді таңдаған кезде,
жуылған кір мыжылып қалмас үшін,
машина соңғы шаю циклының суын
төкпейді жəне ешбір айналдыру циклы
орындалмайды. Жуу циклы ешбір
шуылсыз орындалады, сондықтан да
оны түнде кір жуу үшін не электр қуатын
неғұрлым үнемдеу қажет кезде
таңдауға болады.
Егер “Шаюды кідірту”
неесе “Түнгі
цикл”
таңдалса, циклді аяқтап, суды
төгу үшін бағдарламаның соңында
“Айналдыру”
немесе “Су төгу”
функциясын таңдауыңыз қажет.
Қосымша параметрлер таңдау
Басқа қосымша параметрлерді
бағдарламаны таңдағаннан кейін "Start/
Pause" (бастау/үзіліс)
түймешігін
баспай тұрып таңдау қажет
("Программа панелі" қараңыз). Қалаған
түймешікті (түймешіктерді) басыңыз;
тиісті индикаторлар жанады. Қайта
басқан кезде шамдар сөнеді. Егер
параметрлердің бірі таңдалған
бағдарламаға сай келмесе, бейнебетте
"Err" жыпылықтайды да, "Start/Pause"
(бастау/Үзіліс)
түймешігі қызыл
түспен жыпылықтайды.
"Алдын ала жуу" параметрі
Құрылғы алдын ала жуу циклін макс.
30°C градуста орындайды.
“Қосымша шаю” параметрі
Кір жуғыш машина цикл орындалып
тұрған кезде бір немесе бірнеше шаю
циклдерін қосады. Бұл функция терісі
сезімтал адамдарға жəне суы тұщы
жерлерде қолдануға арналған.
Уақытша : "Қосымша шаю"
түймешігін басыңыз. Бұл функция тек
таңдалған бағдарлама үшін ғана
қосылады.
Тұрақты : "Алдын ала жуу"
жəне
"Кешіктіріп бастау"
түймешіктерін
бірнеше секунд басып тұрыңыз.
Функция тіпті құрылғы өшіп тұрса да
тұрақты қосылып тұрады. Оны ажырату
үшін əрекетті қайталаңыз.
"Кешіктіріп бастау"
Бұл параметр жуу бағдарламасының
басталуын 30, 60, 90, 2 сағаттан 20
сағатқа дейін кідіртуге мүмкіндік береді.
Таңдалған уақыт дисплейде бірнеше
секунд көрсетіліп тұрады.
Кідіртілген басталу уақытын “Бастау/
Үзіліс”
түймешігін баспастан бұрын
“Кешіктіріп бастау”
түймешігін қайта
басу арқылы кез келген уақытта
өзгертуге немесе болдырмауға болады
(0’ бірден бастауды білдіреді).
Егер “Бастау/Үзіліс”
түймешігін басып
қойған болсаңыз жəне кешіктіріп
бастауды өзгерту немесе болдырмау
керек болса, келесіні орындаңыз :
• Кешіктіріп бастауды болдырмай,
циклды бірден бастау үшін, “Бастау/
Үзіліс”
түймешігін, одан кейін
“Кешіктіріп бастау”
түймешігін
басыңыз. Циклді бастау үшін,“Бастау/
Үзіліс”
түймешігін басыңыз.
• Таймердің кідіріс кезеңін өзгерту үшін,
“Тоқтату”
қалпы арқылы өтіп,
циклді қайта бағдарламалауыңыз
керек.
Кешіктіріп бастау уақыты кезінде есік
бұғаттаулы тұрады. Егер оны ашу керек
болса, алдымен “Бастау/Үзіліс”
түймешігін басу арқылы құрылғыны
уақытша тоқтатуыңыз керек. Есікті
қайта жапқаннан кейін, “Бастау/Үзіліс”
түймешігін басыңыз.
Таймер
Циклді “ Time Manager”
түймешіктерін пайдалану арқылы
ұзартуға немесе қысқартуға болады.
Жуылатын киімдегі кірдің деңгейі де
көрсетіледі.
electrolux 19