User manual

Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 15
Бұйым сипаттамасы 16
Жеке талаптарға сай лайықтау 17
Жуу циклін қалай орындауға болады?
18
Əркүндік қолдану 18
Жуу бағдарламалары 21
Күту менен тазалау 22
Жұмыстағы қиындықтар 23
Жуғыш заттар мен үстемелер 25
Техникалық параметрлері 25
Пайдалану көлемі 26
Орнату 26
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 28
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас
бұрын мына ақпараттарды мұқият оқып
шығыңыз. Осы пайдаланушы
нұсқаулығын құрылғымен бірге
сақтаңыз.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
Бұл құрылғыны өзгертпеңіз немесе
оған өзгеріс енгізуге əрекеттенбеңіз.
Бұндай əрекет өз басыңызға қауіп
төндіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып
тиын, түйреуіш, брошка, бұранда
шегелердің барлығының алынғанын
тексеріңіз. Оларды жуатын кірмен
бірге салып жіберсеңіз, құрылғы
елеулі ақаулыққа ұшырауы мүмкін.
Жуғыш затты ұсынылған мөлшерде
қолданыңыз.
Кішкене заттарды (нəски, белбеу
т.с.с.) зығыр дорба немесе жастықтың
қабына бірге салыңыз.
Құрылғыны қолданып болғаннан
кейін, су құятын түтікшені ағытып,
жауып қойыңыз.
Құрылғыны тазалау немесе жөндеу
жұмыстарын жүргізердің алдында,
əрқашан электр желісінен ағытыңыз.
Материалы жыртық, салбырап тұрған
немесе тігіліп болмаған киімдерді
машинада жумаңыз.
ОРНАТУ
Құрылғыны
жеткізе салысымен
орамынан шығарыңыз немесе
орамынан шығарып беруді сұраңыз.
Құрылғының сыртының еш жерінің
бүлінбегенін тексеріңіз. Тасымалдау
барысында орын алған ақаулардың
барлығын сатушыға хабарлаңыз.
Тасымалдау үшін қолданылған
болттар мен орам материалдарының
барлығын құрылғыны орнатпай тұрып
алыңыз.
Құрылғыны су жүйесіне тек білікті
сантехник маман ғана қосуға тиіс.
Үйдегі электр желісін құрылғыны
қосуға лайық етіп бейімдеу қажет
болса
, тек білікті электршіні
шақыртыңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң,
қорек сымының оның астында қалып
қоймағанын тексеріңіз.
Құрылғыны кілем төселген еденге
орнатсаңыз, кілемнің құрылғы
астындағы желдеткіш саңылауларды
бітеп тастамағанын тексеріңіз.
Құрылғыға ережелерге сай келетін,
жерге қосылған аша орнатылуға тиіс.
Құрылғыны электр желісіне қоспай
тұрып, "Электр қосылымы" тарауында
берілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз.
Қорек сымын
тек ғана уəкілетті
қызмет көрсету маманы ауыстыруға
тиіс.
electrolux 15