User manual

Қажетті бағдарламаны бағдарлама
таңдағыш түймеше(1) арқылы таңдаңыз.
Бағдарламаны таңдайтын түймешені
қажетті бағдарламаға дейін бұраңыз. Кір
жуғыш машина температураны ұсынып,
таңдаған бағдарламаңыз үшін максимум
айналдыру жылдамдығын автоматты
түрде таңдайды. Бұл параметрлерді
тиісті түймешіктерді басу арқылы
өзгертуіңізге болады. 8 түймешігінің
жасыл сигнал шамы жыпылықтай
бастайды.
Таңдағыш түймешені сағат бағыты
бойынша не сағат бағытына қарсы
бұрауға болады. Бағдарламаны
бастапқы қалпына қайтару/машинаны
өшіру үшін түймешені
қалпына
қойыңыз.
Бағдарлама аяқталған соң машинаны
өшіру үшін түймешені
қалпына қою
керек.
Сақтандыру туралы ескерту!
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
бағдарламаны таңдайтын
түймешені басқа бағдарламаға
әкеліп қойсаңыз, 8 түймешігінің
қызыл шамы 3 жыпылықтайды
да,бейнебетте Err жазуы пайда
болып, таңдаудың теріс екендігін
білдіреді. Машина жаңадан
таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
Температураны 2 түймешігін басып
таңдаңыз.
Бағдарлама таңдалған кезде машина
автоматты түрде әдетте ұсынылатын
температураны ұсынады.
Егер кірді ұсынылған температурадан
басқа температурада жуғыңыз келсе,
осы түймешікті қайта-қайта басып
температураны жоғарлатыңыз не
төмендетіңіз.
Айналдыру жылдамдығын 3 түймешігін
басу арқылы азайтыңыз
Бағдарламаны таңдаған кезде машина
осы бағдарлама үшін тағайындалған
максимум айналдыру жылдамдығын
автоматты түрде ұсынады.
Егер кірді басқа жылдамдықта
айналдырып жуғыңыз келсе, 3
түймешігін қайта-қайта басып
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз.
Тиісті шам жанады.
3, 4 және 5 түймешіктерін басып машина
жадында бар функциялардың бірін
таңдаңыз.
Бағдарламаның қай түрінің
таңдалғандығына байланысты 8
түймешігін баспай тұрып, әртүрлі
функцияларды біріктіріп алуға болады.
Функцияны таңдаған кезде тиісті сигнал
шамы жанады.
Теріс параметр таңдалған жағдайда, 8
түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтайды да, бейнебетте Err
жазуы бірнеше секунд пайда болып
тұрады.
Жуу бағдарламалары мен
функцияларының өзара
үйлесімділігі туралы ақпаратты "Жуу
бағдарламалары" тарауынан
алыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын 6
түймешігін басып таңдаңыз
Бағдарламаны бастамай тұрып
кешіктіріп бастау функциясын қосқыңыз
келсе, қажетті кідіртіп бастау уақытын 6
түймешігін қайта-қайта басып таңдаңыз.
Тиісті сигнал шамы жанады.
Кешіктіріп бастау уақытының мәні(ең
көбі 20 сағатқа дейін) бейнебетте
бірнеше секунд көрсетіліп тұрады да,
10 electrolux