User manual

содан соң бағдарламаның ұзақтығы
қайта пайда болады.
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып
болып, 8 түймешігін баспай тұрып
таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, 8 түймешігін баспай тұрып
біржола тоқтатуға не өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау функциясын таңдау:
1. Бағдарлама мен қажетті
параметрлерді таңдаңыз.
2. Кешіктіріп бастау функциясын 6
түймешігін басып таңдаңыз.
3. 8 түймешігін басыңыз:
машина сағат сайын кеміп
отыратын кері санақты бастайды.
Кешіктіріп бастау уақыты аяқталған
соң бағдарлама басталады.
8 түймешігін басқан соң кешіктіріп
бастауды болдырмау:
1. 8 түймешігін басу арқылы кір жуғыш
машинаны ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
2. 6 түймешігін бейнебетте 0 пайда
болғанша бір рет басыңыз
3. Бағдарламаны бастау үшін 8
түймешігін қайта басыңыз.
Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын тек жуу бағдарламасын
қайта таңдап болған соң ғана өзгертуге
болады.
Кешіктіріп бастау функциясын САРҚУ
бағдарламасымен бірге таңдауға
болмайды .
Бағдарламаны 8 түймешігін басып
бастаңыз
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін 8
түймешігін басыңыз, 8 түймешігінің
жасыл шамы жыпылықтағанын қояды.
Орындалып тұрған бағдарламаны
үзіліске қою үшін 8 түймешігін басыңыз:
жасыл сигнал шам жыпылықтай
бастайды.
Бағдарламаны үзілген жерінен әрі қарай
жалғастыру үшін 8 түймешігін қайта
басыңыз. Кешіктіріп бастау параметрі
таңдалған жағдайда машина кері
санақты бастайды. Теріс параметр
таңдалған жағдайда, 8 түймешігінің
қызыл шамы 3 рет жыпылықтайды да,
бейнебетте Err жазуы бірнеше секунд
көрсетіледі.
Таймерді 10 түймешігін басып таңдаңыз
Осы түймешіктерді қайта-қайта басу
арқылы жуу циклінің ұзақтығын созып не
азайтуға болады. Бейнебетте кірдің
деңгейін көрсететін белгіше пайда
болып, кірдің таңдалған деңгейін
көрсетеді. Бұл функция тек Мақта мата ,
Синтетика және Нәзік мата
бағдарламаларында ғана бар.
Кірдің
деңгейі
Белгіш
е
Матаның түрі
Қарқынды Қатты кірлеген
заттар үшін
Қалыпты Қалыпты кірлеген
заттар үшін
Күнделікті Күнделікті кірлеп
отыратын заттар
үшін
Жеңіл Жеңіл-желпі
кірлеген заттар
үшін
Жылдам Болар-болмас
кірлеген заттар
үшін
Супер
жылдам
1)
Аз ғана уақыт
киілген не ұсталған
заттар үшін
1) Машинаға салынатын кірдің мөлшерін
азайтуды ұсынамыз("Жуу бағдарламалары
кестесін" қараңыз).
electrolux 11