User manual

3. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын тиісті түймешікті
басып азайтыңыз.
4. 8 түймешігін басыңыз.
Бағдарламаның соңында есіктің құлпы
ашылады да, есікті аша беруге болады.
Машинаны өшіру үшін бағдарламаны
таңдайтын түймешені
қалпына
қойыңыз.
Кірді машинадан еппен алыңыз да,
барабанның бос екендігіне көз жеткізіңіз.
Тағы да кір жуғыңыз келмесе су құятын
кранды жабыңыз. Зең мен жағымсыз иіс
пайда болмас үшін есікті ашық
қалдырыңыз.
Күту режимі : бағдарлама аяқталғаннан
кейін бірнеше минут өткен соң, қуатты
үнемдейтін режим іске қосылады.
Бейнебеттің жарықтылығы азаяды. Кез
келген түймешікті басу арқылы
құрылғыны қуатты үнемдейтін режимнен
шығаруға болады.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Жуылатын кірді сұрыптау
Әрбір киімнің затбелгісіндегі жууға
қатысты белгішелерге мұқият назар
аударып, өндірушінің жууға қатысты
нұсқауларын орындаңыз. Киімді
төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік мата, жүн тоқыма.
Температуралар
95° не 90°
қалыпты кірленген ақ мата
не зығырдан жасалған
заттарға (мысалы, шай
сулықтары, сүлгі, үстел
жапқыштар ... ) арналған
60°/50°
қалыпты кірленген, бояуы
тез шығатын зығыр, мақта не
жасанды талшықтан
жасалған киімдер(мысалы,
жейде, жатарда киілетін
көйлек, пижама....) мен
аздап кірленген ақ мақта
киімдерге (мысалы, іш киім)
арналған
40°-30°-
Суық
нәзік мата (мысалы, тор
перде), синтетика мен "таза
әрі жаңа, машинада
жуылатын, тартылмайтын
жүн" деген затбелгісі бар жүн
тоқыма аралас кір легіне
арналған.
Жуылатын кірді салмас бұрын
Ақ және түрлі-түсті киімдерді ешқашан
бірге жумаңыз. Ақ киімнің "ақтығы" жуу
барысында бозарып қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімдерді ең алғаш рет
жуғанда бояуы шығуы мүмкін; сондықтан
да оларды алғашқыда жеке-жеке жуу
қажет.
Жуылатын кірдің ішінде ешбір темір
заттың қалып қоймауын қадағалаңыз
(мысалы, шаш қыстырғыш, булавка,
түйреуіштер).
Жастық қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды кір жууды
бастамай тұрып кетіріп алыңыз.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен тазалаңыз.
Ілгектерін алыңыз не болмаса қалта не
торға салып буыңыз.
Жүктің максимум салмағы
Кірдің ұсынылатын салмағы жуу
бағдарламалары кестелерінде берілген.
Негізгі ережелер:
Мақта, зығыр мата: кір барабанға
толтырыла, бірақ аса тығыздалмай
салынады;
Синтетика: кір барабанның орта
шегінен асырылмай салынады;
Нәзік мата мен жүн тоқыма: кір
барабанның үштен біріне дейін ғана
толтырылады;
Максимум салмақ су мен қуатты
неғұрлым тиімді пайдалануды мүмкін
етеді.
Аса кірлеген заттарды жуарда,
салынатын кірдің мөлшерін азайтыңыз.
electrolux 13