User manual

Бағдарлама - Максимум және минимум
температура - Цикл сипаттамасы - Максимум
айналдыру жылдамдығы - Жүктің максимум
мөлшері - Кірдің түрі
Функциялар
Жуғыш зат
Қорапша
КІРДІ ЖІБІТУ
30°
Алдын ала жуу - Кірді 40 минуттай жібіту -
Бағдарламаны машина суын сарқымай тоқтату
Макс. салмақ 6 кг
Аса қатты кірлеген заттарға арналған арнайы
бағдарлама. Машина кір киімді температурасы
30°C градус суға салып жібітеді. Осы уақыт
аяқталған кезде машина барабандағы суды
төкпестен, автоматты түрде тоқтайды.
Жаңа жуу циклін бастамас бұрын, суды төменде
көрсетілгендегідей төгу қажет:
Тек төгу : бағдарламаны таңдайтын түймешені
Суды төгу бағдарламасына әкеліп қойыңыз. ( 8
түймешігін басыңыз).
Су төгу және айналдыру : бағдарламаны
таңдайтын түймешені Айналдыру
бағдарламасына әкеліп қойыңыз да, 3 түймешігі
арқылы айналдыру жылдамдығын азайтыңыз,
содан кейін 8 түймешігін басыңыз.
Маңызды! Бұл бағдарламаны жібек не жүн
матадан жасалған аса нәзік заттар үшін қолдануға
болмайды. Кірді жібіту бағдарламасына арналған
жуғыш затты арнайы белгіленген қорапшаға
салыңыз. Кірді жібіту бағдарламасы (суды төккен
соң)аяқталған соң жуу бағдарламасын таңдауға
болады. (Алдымен бағдарламаны таңдайтын
түймешені
-ге әкеліп қойып, содан кейін оны
бағдарламаға қойыңыз да, 8 түймешігін басыңыз).
2)
ШАЮ КЕЗЕҢДЕРІ
Шаю кезеңдері - Ұзақ айналдыру
Максимум айналдыру жылдамдығы 1000 мин/айн
- EWF 10470W үлгісі үшін (1200 мин/айн - EWF
12470W үлгісі үшін;) 1400 мин/айн - EWF 14470W
үлгісі үшін)
Макс. салмақ 6 кг
Бұл бағдарлама арқылы қолмен жуылған, мақта
матадан жасалған киім-кешектерді шаюға және
айналдыруға болады. Машина 3 рет шаяды,
соңында ұзақ айналдыру циклін орындайды.
Айналдыру жылдамдығын азайтуға болады.
АЙНАЛДЫРУ,
ШАЮДЫ КІДІРТУ,
ТҮНГІ ЦИКЛ,
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ,
ЭКСТРА ШАЮ
ТӨГУ
Суды төгу
Макс. салмақ 6 кг
Шаюды кідірту мен түнгі цикл функциялары
таңдалған бағдарламаларда кірді соңғы рет
шайған суды төгуге арналған.
electrolux 19