User manual

Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі
Кір жуғыш машина жұмысын бастамай тұр:
Есік жабылған жоқ.
Есікті нығыздап жабыңыз.
Аша розеткаға дұрыс сұғылған жоқ.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Таңдағыш түймеше дұрыс орынға қойылған
жоқ және 8 түймешігі басылған жоқ.
Түймешені бұраңыз да, 8 түймешігін қайта
басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған.
Кірді дереу жуу қажет болса, кідіртіп
бастау функциясын болдырмаңыз.
Машинаға су толмай тұр:
Су құятын шүмек жабық.
Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су құятын түтікше басылып не жаншылып
қалған.
Су құятын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Су құятын түтікшедегі немесе оның
клапанындағы сүзгі бітеліп қалған.
Су құятын түтікшедегі сүзгілерді
тазалаңыз (Қосымша ақпаратты "Су
құятын түтікшедегі сүзгілерді тазалау"
тарауынан алыңыз).
Есік дұрыс жабылған жоқ.
Есікті нығыздап жабыңыз.
Машинаға су толады да, содан соң тез
сарқылып қалады:
Суды төгетін түтікшенің ұшы тым төмен
орналасқан.
"Суды төгу" тарауындағы тиісті
параграфты оқыңыз.
Машинаның суы төгілмейді және/не ол
айналмайды:
Суды төгетін түтікше басылып не жаншылып
қалған.
Суды төгетін түтікше қосылымын
тексеріңіз.
Су төгетін түтікшедегі сүзгі бітеліп қалған.
Су төгетін түтікшедегі сүзгіні тазалаңыз.
Аяқталғанда су әлі де машина ішінде
қалатын не ешбір айналдыру циклдерін
орындамайтын функция не бағдарлама
таңдалған.
Бұл параметрді ажыратып қойыңыз.
Суды сарқу не айналдыру бағдарламасын
таңдаңыз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып
салынбаған.
Кірді таратып салыңыз.
electrolux 25