User manual

Бейнебет
7.4 7.1
7.27.3
Бейнебетте төмендегі ақпараттар
көрсетіледі:
7.1:
Таңдалған бағдарламаның ұзақтығы
Бағдарламаны таңдап болған соң,
бейнебетте оның ұзақтығы сағат пен
минут арқылы(мысалы,
)
көрсетіледі. Ұзақтық матаның әрбір
түрі үшін ұсынылатын максимум
салмақ негізінде автоматты түрде
есептеледі. Бағдарлама басталған
соң, оның соңына дейін қалған уақыт
әрбір минут сайын жаңартылып
көрсетіліп отырады.
Кешіктіріп бастау
Бейнебетте қажетті түймешіктерді
басып таңдаған кешіктіріп бастау
уақыты бірнеше секунд көрсетіліп
тұрады да, содан соң таңдаған
бағдарламаның ұзақтығы қайта
көрсетіледі.
Ескерту кодтары
Құрылғы жұмысына қатысты
ақаулықтар туындаған кезде,
бейнебетте кейбір ескерту кодтары
мысалы,
пайда болады
("Төмендегі жағдайларда не істеу
керек..." тарауын қараңыз).
Теріс функцияны таңдау
Орнатылған жуу бағдарламасына сай
келмейтін функция таңдалса,
бейнебеттің астыңғы жағында Err
жазуы бірнеше секунд пайда болып
тұрады да, 8 түймешігінің қызыл шамы
жыпылықтай бастайды.
Бағдарламаның соңы
Бағдарлама аяқталған кезде үш нөл
(
)жыпылықтап, бірнеше
минуттан кейін 9 және 8 түймешігінің
сигнал шамдары өшеді де, есікті аша
беруге болады.
7.2: Жуу бағдарламасының циклдерінің
белгішелері
Жуу
Шаю кезеңдері
Суын төгу
Айналдыру
Жуу бағдарламасын таңдаған кезде,
бейнебеттің астыңғы жағында жуу
бағдарламасын құрайтын әртүрлі
циклдерге қатысты белгішелер пайда
болады. 8 түймешігі басылған соң тек
орындалып тұрған цикл белгішесі ғана
жанған қалпы қалады.
7.3: Ысыту циклі
Жуу циклі орындалып тұрған кезде
бейнебетте температура белгішесі
пайда болады да, машинаның барабан
ішіндегі суды ысыту циклін бастағанын
көрсетіп тұрады.
7.4: Кірдің деңгейі
Бағдарламаны таңдаған кезде
бейнебетте машина автоматты түрде
ұсынатын кірдің деңгейін көрсететін
белгіше пайда болады:
Қарқынды
Қалыпты/Күнделікті
Жеңіл/Жылдам
Супер жылдам
8 electrolux