User manual

АБАЙЛАҢЫЗ
Егер барабанның ішіндегі
судың деңгейі мен
температурасы өте жоғары
болса, есікті аша
алмайсыз.
1. Құрылғыны сөндіру үшін
түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да,
содан кейін құрылғының есігін
абайлап ашыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
4. Бағдарламаны қайта орнатыңыз.
10.13 Бағдарламаның соңы
Құрылғы автоматты түрде
тоқтайды.
Дыбыстық сигналдар естіледі (егер
қосулы тұрса).
Бейнебетте жанады.
Старт/Пауза индикаторы сөнеді.
Есік құлпының индикаторы
сөнеді.
Есікті ашуға болады.
Құрылғыдан кірді алыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Құрылғыны сөндіру үшін Вкл/Выкл
түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
Зең және иіс пайда болмас үшін
есікті сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік бұғаттаулы индикаторы
жанып тұр. Есік құлыпталып
тұрады.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. түймешігін басыңыз.
Құрылғы суды төгеді де, айналдыру
кезеңін орындайды.
2. Құрылғыны суды ғана төгетін етіп
баптау үшін параметрін
орнатыңыз. Қажет болса,
айналдыру жылдамдығын
азайтыңыз.
3. Бағдарлама аяқталып, есік
бұғаттаулы индикаторы
көрінбей кеткенде есікті ашуға
болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін Вкл/Выкл
түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
Құрылғы шамамен 18
сағаттан кейін суды
автоматты түрде төгеді
және айналдырады (Жүн
мата бағдарламаларынан
басқа бағдарламаларда).
10.14 AUTO Stand-by
функциясы
AUTO Stand-by функциясы қуатты аз
қолдану үшін келесі жағдайларда
құрылғыны автоматты түрде сөндіреді:
Құрылғыны түймешігін басар
алдында 5 минут пайдаланбасаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан
кейін 5 минут өткен соң
Құрылғыны қайта іске қосу үшін
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте соңғы орнатылған
бағдарламаның соңы көрсетіледі.
Жаңа циклді орнату үшін
бағдарлама тетігін бұраңыз.
Аяқталған кезде барабан
ішінде су қалатын
функцияны таңдасаңыз,
AUTO Stand-by функциясы
суды төгу қажет екенін
ескерту үшін құрылғыны
сөндірмейді.
www.electrolux.com20