User manual

түймешігінің сигнал шамы сөнеді. Кейбір
дыбысты сигналдар естіледі.
Егер аяқталғанда барабанның ішінде су
қалатын бағдарлама немесе функция
таңдалса, есік құлыпталған қалпы
қалады да, алдымен машина ішіндегі
суды төгу қажеттігін ескертеді.
Суды төгу үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
1. Бағдарлама таңдау тетігін O қалпына
қойыңыз.
2. Суды төгу немесе айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
3. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын тиісті түймешікті
басып азайтыңыз.
4. Келесі түймешікті басыңыз: 8 .
Бағдарламаның соңында есіктің құлпы
ашылады да, есікті аша беруге болады.
Бағдарлама таңдау тетігін O қалпына
қойып машинаны сөндіріңіз.
Кірді машинадан алып, барабанның бос
екенін мұқият тексеріңіз. Енді кір
жумайтын болсаңыз, су құятын шүмекті
жабыңыз. Зең мен жағымсыз иіс пайда
болмауы үшін есікті ашық қалдырыңыз.
Күту режимі : бағдарлама аяқталғаннан
кейін бірнеше минут өткен соң, қуатты
үнемдейтін режим іске қосылады.
Бейнебеттің жарықтылығы азаяды. Кез
келген түймешікті басу арқылы
құрылғыны қуатты үнемдейтін режимнен
шығаруға болады.
Кір кептіргіш - Кірді қалай кептіруге болады
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
Назарыңызда болсын!
Кір кептіргішті іске қоспай тұрып,
кір жуғыш машинаның өшірулі
тұрғандығына КӨЗ ЖЕТКІЗІП
алыңыз . Кір кептіргіш пен кір
жуғыш машина бір уақытта жұмыс
жасай АЛМАЙДЫ. Кір кептіргішті
іске қосқанда, кір жуғыш машина
автоматты түрде ажырайды.
Кір жуғыш машина жұмыс жасап
тұрған кезде кір кептіргішті іске
қоссаңыз, машина кір жууды дереу
тоқтатады да, өшіп қалады.
Кептіру бағдарламасының
соңында, ҚОСУ түймешігін басқан
соң немесе 10 минут (кір кептіргіш
автоматты түрде өшкенде) өткен
соң, кір жуу бұрынғы тоқтаған
циклден бастап қайта жалғасады.
Жас балалар құрылғымен
ойнамауы үшін оларды қадағалап
отыру қажет.
Балалар тартылып ойнамас үшін,
алынбалы сөрені қолданбасаңыз
ашық ҚАЛДЫРМАҢЫЗ.
Машинаның кір кептіргішіне
СҮЙЕНБЕҢІЗ, әсіресе ашық
тұрған алынбалы сөреге сүйенуге
БОЛМАЙДЫ, себебі оған нұқсан
келуі мүмкін.
electrolux 13