User manual

Кір кептіргішке немесе сөреге
нұқсан келген жағдайда, өз
бетіңізбен жөндеуге
ӘРЕКЕТТЕНБЕҢІЗ. Жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Жуғыш, ағартқыш немесе мата
жұмсартқыш заттардың
сауыттарын құрылғының үстіне
ҚОЙМАҢЫЗ. Олар құрылғының
сыртын немесе басқару
құралдарын бүлдіруі мүмкін.
•Құрылғы ішіне байқаусызда
құйылып кеткен сұйықтықтар
құрылғының ішіне жиналады және
оны «Су сорғыш» тарауында
көрсетілгендей немесе суды сарқу
параметрін таңдау арқылы төгуге
болады.
Құрылғының үстін дымқыл
шүберекпен тазалаңыз. Жеміргіш
емес тұрмыстық тазалағыш
заттың ешқайсысын
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Құрғақтай тазалауға арналған
сұйықтық тәрізді химиялық заттар
тиген киімдерді ешқашан кептіргіш
арқылы кептірмеңіз. Мұндай
заттар тұтанғыш келетіндіктен,
жарылыстың тууына себеп болуы
мүмкін. Суға жуылған немесе
ауада кептіруді қажет ететін
заттарды ғана кептіріңіз.
Құрылғының кептіргішіне өсімдік
майының немесе тағам пісіретін
майдың дағы түскен немесе майға
батырылған киімдерді кептірмеңіз
(өрт шығу қаупі бар).
Кептіргішті қосқан кезде жағымсыз
иіс шығуы мүмкін, бірақ ол
біраздан соң ғайып болады.
14 electrolux