User manual

= Кешіктіріп бастау = Бала қауіпсіздігі құлпы
= Бастау/Үзіліс
+/-
= Таймер түймешіктері
Бағдарламаны таңдайтын түймеше
Бұл түймеше құрылғыны қосу/өшіру мен/
не бағдарламаны таңдау үшін
қолданылады.
Температура
Бұл түймешік жуу температурасын
көбейту мен азайту үшін қолданылады.
Айналдыру жылдамдығын азайту
Осы түймешікті басу арқылы таңдалған
бағдарламаның кірді айналдыру
жылдамдығын өзгертіп немесе шаюды
кідірту не айналдырмау функциясын
таңдай аласыз.
Шаюды кідірту
Бұл функцияны таңдағанда, киімдер
бырысып қалмас үшін соңғы шаюдан
қалған су түбіне дейін сарқылмайды.
Есікті ашпас бұрын суды төгу қажет
болады. Суды сарқу үшін
"Бағдарламаның соңы" тарауын
қараңыз.
Айналдырмау
Осы функцияны таңдағанда айналдыру
кезеңдерінің ешқайсысы да
орындалмай, орнына киімдер бырысып
қалмас үшін суды сарқу циклі
орындалады. Бұл функция аса нәзік
маталар үшін ұсынылады. Кейбір
бағдарламалардың шаю циклдеріне
көбірек су қосылады.
Алдын ала жуу
Бұл функцияны таңдаған кезде машина
негізгі жуу циклін орындамас бұрын
алдын ала жуу циклін орындап шығады.
Жуу уақыты ұзаққа созылады. Бұл
функцияны қатты кірлеген заттарды жуу
үшін пайдалану ұсынылады.
Экстра шаю
Бұл құрылғы қуатты үнемдеу үшін
арнайы жасалған. Кірді қосымша сумен
(қосымша шаю) шаю қажет болса, осы
параметрді таңдаңыз. Бірнеше қосымша
шаю циклдері орындалады. Бұл функция
жуғыш заттарға аллергиясы бар
адамдар үшін, сондай-ақ суы аса тұщы
жерлерде қолдану үшін ұсынылады.
Кешіктіріп бастау
Бағдарламаны осы түймешік арқылы 30
мин.- 60 мин. - 90 мин., 2 сағат, содан соң
1 сағаттан қоса отырып, максимум 20
сағатқа дейін кешіктіруге болады.
Бастау Үзіліс
Бұл түймешік таңдалған бағдарламаны
бастау мен үзіліске қоя тұруға мүмкіндік
береді.
Time Manager
Бұл түймешіктер бағдарламаның
құрылғы ұсынып отырған ұзақтығын
автоматты түрде өзгертуге мүмкіндік
береді.
"Есік құлыптаулы" сигнал шамы
Бағдарлама басталған кезде 9 сигнал
шамы жанады да, есікті ашуға болатын-
болмайтынын көрсетеді:
шам жанып тұрса: есікті ашуға
болмайды. Машина жұмыс істеп тұр не
оны ішіндегі суын төкпей тоқтатып
қойған.
шам өшіп тұрса: есікті ашуға болады.
Бағдарлама аяқталған не машина суы
төгілген.
шам жыпылықтап тұрса: машина есігі
ашылады
electrolux 7