User manual

Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті орын
болуын қамтамасыз ету үшін өзгермелі
тіректерін реттеңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына және сымына зақым
келтірмеңіз. Құрылғының қорек сымын
ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде
қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға
тиіс.
Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана
жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін
ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
Қорек сымын немесе ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
Суға қосу
Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым
келтірмеңіз.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын
пайдаланып, су жүйесіне қосу керек. Ескі
түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ
уақыт қолданылмаған құбырларға
жалғамай тұрып, суын тазарғанша
ағызыңыз.
Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш
жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.2 Қолданылуы
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп
қалу және өрт қаупі, құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Жуғыш заттың орамында көрсетілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды
құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын
керек-жарақтың түрін Қызмет көрсету
орталығына хабарласып біліңіз.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
22
www.electrolux.com