User manual

Бағдарлама
Температура ауқымы
Кір салынымының және кірдің түрі
Макс. кір салынымы, Макс. айналдыру жылдамдығы
Жүн мата/Қолмен жуу
40 °C – Суық
«Қолмен жуылады» деген белгісі бар, машинада
жуылатын, қолмен жуылатын жүн тоқыма заттар және
нәзік матадан жасалған заттар.
1 кг, 1000 мин/айн
Шаю
Суық
Кірді шаюға және айналдыруға арналған. Барлық
маталар.
6 кг, 1000 мин/айн
Айналдыру/Су төгу
Кірді айналдыруға және барабандағы суды төгуге
арналған. Барлық маталар.
6 кг, 1000 мин/айн
Әйелдердің іш киімі
40 °C – Суық
Бұл әйелдердің төс тартқыштары мен іш киімдері
сияқты нәзік матадан жасалған заттарды жууға
арналған бағдарлама.
1 кг, 800 мин/айн
Жібек
30 °C – Суық
Жібек мата және аралас синтетика заттарға арналған
арнайы бағдарлама
1 кг, 800 мин/айн
Перделер
40 °C – Суық
Алдын ала жуу циклы бар перде жууға арналған
арнайы бағдарлама. Сумен ғана шайған кезде алдын
ала жуу циклына жуғыш зат САЛМАҢЫЗ.
2.5 кг, 800 мин/айн
Көрпе
60° C - 30° C
Бір синтетика төсек жапқыш, көрпе, төсек жабдығы
т.с.с. заттарды жууға арналған арнайы бағдарлама.
3 кг, 800 мин/айн
Спорт. киімдер
30 °C
Синтетика және нәзік заттар. Шамалы кірлеген не
жаңартуды ғана қажет ететін кірлерге арналған.
2.5 кг, 800 мин/айн
14 мин.
30 °C
Синтетика және аралас матадан жасалған заттар.
Шамалы кірлеген және жаңартуды қажет ететін заттар
үшін.
1 кг, 800 мин/айн
Мақта мата Эко
2)
60° C - 40° C
Ақ мақта мата және бояуы берік мақта мата. Қалыпты
кірленген.
6 кг, 1000 мин/айн
1)
Келесі бағдарламаларда ыстық және суық су құю автоматты түрде басталады:
Мақта мата 90°: ыстық су ғана.
Мақта мата 40°-60° : ыстық + суық су.
Синтетика 40°-60° : ыстық + суық су.
2)
Қуат жапсырмасында көрсетілген мәндерге сай келетін стандартты бағдарламалар
«Мақта мата Эко 60°» және «Мақта мата Эко 40°» режимдері, 1061/2010 стандарты бойынша
«стандартты 60° мақта мата бағдарламасы» мен «стандартты 40° мақта мата бағдарламасына» сай
келеді. Бұл бағдарламалар қалыпты кірлеген мақта маталарды жууға арналған бағдарламалардың
ішіндегі, қуат және суды тұтыну тұрғысынан ең тиімді бағдарламалар болып саналады.
ҚАЗАҚ 25