User manual

Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
Барлық айналдыру циклдарын алу үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Бұл параметрді өте нәзік маталар үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы
көп су пайдаланады.
Бейнебетте
индикаторы пайда
болады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда барабан
ішінде су тұрады. Кір мыжылып қалмас үшін
барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін
суды төгу керек.
Бейнебетте
индикаторы пайда
болады.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
Шуылсыз
Бұл параметрді барлық айналдыру
циклдарын ажыратып, кірді шуылсыз режим
бойынша жуу үшін орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы
көп су пайдаланады.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда барабан
ішінде су тұрады. Кір мыжылып қалмас үшін
барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу үшін
суды төгу керек.
Бейнебетте
индикаторы пайда болады.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның
соңы" тарауын қараңыз.
7.3 Алдын ала жуу
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына алдын ала жуу циклын
қосуға болады.
Осы параметрді қатты кірлеген кірді жуу үшін
пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде
бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.
7.4 Кешіктіріп бастау
Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 30
минуттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға
болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда болады.
7.5 Ыстық және суық
Құрылғымен су құятын екі түтік жеткізіледі:
біреуі суық суға және екіншісі ыстық суға
арналған.
Тетікті сағат тілінің бағытымен бұрап, бірінші
3 жуу бағдарламасының біреуін орнатыңыз,
сонда тиісті индикатор жанады.
Ыстық су қосылымы қосылып тұр.
Құрылғыға үйдегі су жүйесінен келетін ыстық
су құйылады.
Суық сумен ғана жуу үшін
түймешігін
басып ыстық суды тоқтатыңыз, сонда тиісті
индикатор сөнеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элемент
суық суды жылытады.
7.6 Жеңіл үтіктеу
Құрылғы кір мыжылып қалмас үшін абайлап
жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын азайтады,
суды көбірек пайдаланады және
бағдарламаның уақытын кірдің түріне
лайықтайды.
Тиісті индикатор жанады.
7.7 Time Manager
Жуу бағдарламасын орнатқан кезде
бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту немесе
көбейту үшін
немесе түймешігін
басыңыз.
Time Manager функциясы кестеде көрсетілген
бағдарламаларда ғана жұмыс істейді.
Индикатор
1)
28
www.electrolux.com
Эко