Basic Guide

Кір жуғыш машинаны жанындағы жиһазбен
бірдей деңгейде орнату үшін, 4-суретте
көрсетілгенді орындаңыз.
Сумен жабдықтау
Берілген су құятын түтікті кір жуғыш
машинаның артқы жағына келесіне орындау
арқылы орнатыңыз. Ескі түтікті қайта
пайдаланбаңыз. Су құятын түтік
ұзартылмайды. Егер ол тым қысқа болса,
сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
1
2
Су құятын шүмекті ашыңыз. Оның тесігі
жоқтығын тексеріңіз.
Суды төгу
U-тетігін су төгетін
түтікшеге орнатыңыз.
Барлығын су төгуге
арналған деңгейдің,
(немесе раковина
ішіне)яғни 70 және
100 см ортасына
орналастырыңыз.
Оның дұрыс
орнатылғандығын
тексеріңіз. Түтікше
MINI 70 cm
MAXI 100 cm
сифонға айналмас үшін ауа оның ұшынан
кіріп тұруға тиіс.
Су төгетін түтікшені ешқашан созбау керек. Ол
тым қысқа болса, арнайы маманға
хабарласыңыз.
Электр қосылымы
Бұл кір жуғыш машинаны тек ғана бір фазалы
230 В желіге қосу керек. Сақтандырғыш
қуатын тексеріп алыңыз: 13 A - 230 В
арналған. Құрылғыны ұзартпа сыммен
немесе көп-ашалы адаптер арқылы жалғауға
болмайды. Ашаның жерге қосылғанын және
қолданыстағы ережелерге сай келетінін
тексеріп алыңыз.
Орналастыру
Құрылғыны қатты әрі біртегіс, желдетілетін
жерге орналастырыңыз. Құрылғының қабырға
немесе басқа жиһазға тиіп кетпеуін
қадағалаңыз. Құрылғының деңгейін дұрыс
орнатсаңыз, діріл, шуыл шығудың немесе іске
қосылып тұрған кезде орнынан жылжып
кетудің алдын алады.
ҚОРШАҒАН ОРТА
Құрылғыны тастау
белгішесі бар материалдардың
барлығын қайта өңдеуден өткізуге
болады. Оларды жинап алу мен қайта
өңдеуден өткізу үшін қалдық тастауға
арналған (жергілікті әкімшіліктен
сұрастырыңыз) жерге тастаңыз.
Құрылғыңызды тастаған кезде, басқалар үшін
қауіпті болуы мүмкін бөлшектерінің барлығын
алып тастаңыз: құрылғының астыңғы
жағындағы қорек сымын кесіп алып тастаңыз.
Өнімдегі немесе оның орам
материалдарындағы
белгішесі, бұл өнімді
тұрмыстық қалдық ретінде қарауға
болмайтындығын көрсетеді. Керісінше оны
электр және электроника жабдықтарын қайта
өңдеуден өткізу үшін жинайтын жерге жерге
апарып тапсыру керек. Құрылғыны тиісті
жерге тастау арқылы оны қоқысқа дұрыс
тастамаған жағдайда орын алуы ықтимал,
қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін
ерекше қатерлі жағдайлардың алдын алуға өз
көмегіңізді тигізесіз. Осы өнімді қайта
өңдеуден өткізу туралы қосымша ақпарат алу
үшін жергілікті басқарма мекемесіне,
тұрмыстық қалдықтарды тастауға жауапты
ұйымға не құрылғыны сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
74 electrolux