User manual
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Бұл құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып, ас үй қаптамасына орнатуға
болады.
• Құрылғыны бекітілетін есіктің, сырғыма есіктің
артына немесе топсасы керісінше орналасқан,
құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын
жерлерге орнатпаңыз.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
• Басқа жанармай қолданылатын құрылғылардан,
сондай-ақ ашық оттан бөлінетін шығынды газдар
қайта бөлмеге кірмес үшін, құрылғы орнатылған
бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
• Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе
басқа отын түрінің шығарынды түтіндерін шығаруға
арналған түтіктен шығаруға болмайды (егер бар
болса).
• Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп)
0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында
болуға тиіс.
• Ең көп салмақ 7 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
• Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта
пайдалануға болмайды.
• Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
ҚАЗАҚ 5