User manual
• Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-
қыбырды тазалаңыз.
• Тағам пісіретін май, ацетон, алкоголь, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіш тәрізді заттарды, кір кептіргіш
машинамен кептірмей тұрып, қосымша жуғыш зат
пайдаланып, ыстық сумен жуу керек.
• Өнеркәсіптік тазалағыш құралдармен тазаланған
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада
кептірмеңіз.
• Көбік резеңке (латекс көбік), моншада киілетін
қалпақтар, су өткізбейтін текстиль, резеңкемен
астарланған заттарды және киімдерді немесе
резеңке толтырылған жастықтарды кір кептіргіш
машинада кептіруге болмайды.
• Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды
мата жұмсартқыштың нұсқауларында көрсетілген
тәрізді пайдалану керек.
• Қалталардан шылым тұтатқыш және сіріңке тәрізді
заттардың барлығын алыңыз.
• Егер барлық кір дереу алынып, қызулары тезірек
тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны ешқашан
кептіру циклы аяқталмай тұрып тоқтатпаңыз.
• Кір кептіргіш машинаның соңғы циклы кезінде,
киімдердің температурасы киімдерге зақым
келтірмейтін деңгейде болуы үшін қызу бөлінбейді
(салқындату циклы).
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
www.electrolux.com6