User Manual

Table Of Contents
Ақаулық Ықтимал шешімі
Құрылғының есігін
аша алмадыңыз.
Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз.
Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе
айналдыру циклын орнатыңыз.
Суды төтенше жағдайда төгу әрекетін орындаңыз.
"Мұздап кетуден сақтау" ("Күту менен тазалау"
тарауында) бөлімін қараңыз.
Құрылғыға тоқ келіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Бұл мәселе құрылғының жұмыс істемей қалуына
байланысты болуы мүмкін. Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Қақпақты ашу қажет
болса, "Есікті төтенше жағдайда ашу" тарауын
мұқият оқыңыз.
Құрылғыдан тосын
шуыл шығады.
Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз
жеткізіңіз. "Орнату бойынша нұсқаулық" тарауын
қараңыз.
Орам материалдарының және/немесе тасымал
болттарының алынғанына көз жеткізіңіз. "Орнату
бойынша нұсқаулық" тарауын қараңыз.
Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз
салынған болуы мүмкін.
Цикл көрсетілген
уақыттан қысқарақ.
Құрылғы кірдің салмағына қарай жаңа уақытты
есептейді. ‘Пайдалану көлемі’ тарауын қараңыз.
Цикл көрсетілген
уақыттан ұзағырақ.
Теңгерімі жоқ кір уақытты ұзартады. Бұл құрылғы
үшін қалыпты жағдай.
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық
емес.
Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз немесе басқа
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Оңай жуылмайтын дақтарды арнайы жуғыш
заттарды пайдаланып, кір жумай тұрып тазалаңыз.
Температураның дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Кірдің салмағын азайтыңыз.
Функцияны орната
алмадыңыз.
Қажет сенсорлық түймешік(тер)дің ғана
басылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы кептірмейді
немесе дұрыс
кептірмейді.
Су құбырының шүмегін ашыңыз.
Су төгетін сүзгінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Кірдің салмағын азайтыңыз.
Циклдың дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Егер
қажет болса, кептіру уақыты қысқа циклды қайта
орнатыңыз.
Кірге түрлі түсті қыл-
қыбыр көптеп
жабысқан.
Алдыңғы цикл кезінде мамығы шығатын немесе басқа
түсті мата жуылған:
Кептіру циклі түктердің біразын кетіруге көмектеседі.
Киімдерді қыл-қыбыр тазалағышпен тазалаңыз.
Барабан ішіне тым көп қыл-қыбыр жиналып қалса,
арнайы бағдарламаны (қосымша ақпаратты “Матаның
қыл-қыбыры" тарауынан қараңыз) қосып тазалаңыз.
www.electrolux.com34