User manual

Үстіңгі жағындағы шағын
ойық қауіпсіздікті
арттырады. Шығыңқы
тұстар құралдардың
аударылып қалуына жол
бермейтін қауіпсіздік
құралдары болып
табылады. Сөренің
айналасындағы биік жиек
ыдыстардың сөреден
сырғып кетуіне жол
бермейді.
7.2 Сырғытпа жолдар - керек-
жарақтарды салу
Сырғытпа жолдардың көмегімен
сөрелерді барынша оңай алып-салуға
болады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Сырғытпа жолдарды ыдыс
жуғыш машинада
жумаңыз. Сырғытпа
жолдарды майламаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Пештің есігін жабар
алдында, бағыттауыш
жолдардың пешке әбден
кіргізілгеніне көз жеткізіңіз.
Торкөз сөре:
Төркөз сөренің тіректерін төмен
қаратып сырғытпа жолдарға қойыңыз.
Төркөз сөренің биіктетілген
жиегі, ыдыс сырғып кетуге
жол бермейтін қосымша
сақтық құралы болып
табылады.
Шұңғыл таба:
Шұңғыл науаны сырғытпа жолдарға
қойыңыз.
Торкөз сөре мен шұңғыл табаны бірге
қолдану:
Торкөз сөре мен шұңғыл таба екеуін
сырғытпа жолдарға қойыңыз.
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш
салқындағанша жұмыс істеп тұра
береді.
ҚАЗАҚ 13