User manual

байланысты пеш температурасын 3-10
минутқа азайтыңыз. Тұмшапештің
ішіндегі қалдық қызу тағам пісіруді
жалғастыра береді.
Басқа тағамдарды жылыту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
Бірнеше тағамды бір уақытта пісірген
кезде, пісіру циклдарының арасын
барынша қысқа етіңіз.
Желдеткішпен пісіру
Егер мүмкін болса, қуатты үнемдеу
үшін желдеткіші бар пісіру
функцияларын пайдаланыңыз.
Тағамды жылы ұстау
Қалдық қызуды таңдап, тағамды жылы
ұстау үшін ең төменгі ықтимал
температураны таңдаңыз.
Дымқыл пісіру
Тағам пісіру барысында қуатты
үнемдеуге арналған функция.
14. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
Осы өнімнің өндірілген күні сериялық нөмірде көрсетілген,
оның нөмірінің бірінші саны өндірілген жылдың соңғы
санына, екінші және үшінші сандар аптаның реттік нөміріне
сәйкес келеді. Мысалы, 84512345 сериялық нөмірі өнім 2018
жылдың қырық бесінші аптасында өндірілгенін білдіреді.
Өндіруші: Electrolux Appliances AB, St. Göransgatan 143, 105
45 Stockholm, Швеция
Импорттаушы және өндірушінің уәкілетті ұйымы:
OOO «Электролюкс Рус», Кожевнический проезд 1, 115114,
Мәскеу/Москва, тел.: 8-800-200-3589
Германияда жасалған
*
www.electrolux.com36