User manual

8. Шыны панельдерді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельдерді
жақсылап құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін шыны
панельдерді және тұмшапештің есігін
орнатыңыз. Жоғарыдағы қадамдарды
кері ретпен орындаңыз.
Шыны панельдердің (A және B) орнату
ретін дұрыс сақтап салғаныңызға көз
жеткізіңіз.Бірінші (A) панельдің
безендірілген жақтауы бар. Панельдің
бедері бар жағы есіктің ішкі жағына
қарап тұруға тиіс. Орнатып болғаннан
кейін шыны панельдің жақтауының (A)
басылған жазуы бар беткі жағын
қолмен ұстағанда бұдыр емес екеніне
көз жеткізіңіз.
A B
Ортаңғы шыны панельді ұяларына
дұрыс орнатқаныңызды тексеріңіз.
10.7 Шамды ауыстыру
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы
мен құрылғының ішіне нұқсан келмес
үшін қажет.
ЕСКЕРТУ!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар!
Сақтандырғышты шамды
ауыстыру алдында
ағытыңыз.
Шам және шамның қақпағы
ыстық болуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Шамға майдың қалдығы
жұғып күймес үшін, галоген
шамды үнемі шүберекпен
ұстаңыз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз
немесе айырып-қоқышты
ажыратыңыз.
Артқы шам
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C
шамға ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
www.electrolux.com36