User manual

Түйме Функция Сипаттама
ПЛЮС Уақытты қоюға арналған.
ТЕМПЕРАТУРА Тұмшапештің немесе ішкі
температура сенсорының
температурасын тексеруге арналған
(бар болса). Тұмшапеш функциясы
қосулы тұрғанда ғана қолданыңыз.
5.7 Қыздыру индикаторы
Тұмшапеш функциясын іске қосқан
кезде бейнебеттегі жолақтар
бір-
бірден жанады. Жолақтар тұмшапеш
температурасының жоғарылағанын
немесе төмендегенін көрсетеді.
5.8 Буға пісіру
1. функциясын орнатыңыз.
2. Су тартпасын ашу үшін оның
қақпағын басыңыз. Су тартпасын
"Сауыт толы" индикаторы
жанғанша суға толтырыңыз.
Сауыттың ең үлкен сыйымдылығы
900 мл. Бұл шамамен 55 - 60 минут
пісіруге жетеді.
Сұйықтық ретінде тек
суды ғана қолданыңыз.
Сүзілген
(минералдардан
тазартылған) немесе
тазартылған суды
қолданбаңыз. Басқа
сұйықтарды
пайдаланбаңыз.
Тұтанғыш немесе
алкоголі бар
сұйықтықтарды
(граппа, виски, конъяк
т.с.с.) су тартпасына
құюға болмайды.
3. Су тартпасын бастапқы орнына
қойыңыз.
4. Тағам пісірілетін ыдысты дұрыс
таңдаңыз.
5. Температураны 130 °C және 230
°C градус аралығына қойыңыз.
Бумен пісіру функциясы 230 °C
градустан жоғары температурада
жақсы нәтиже бермейді.
ЕСКЕРТУ!
Сыртқы клапаннан су
шығып кетпес үшін бу
функциясын қолданғаннан
кейін кем дегенде 60 минут
күтіңіз.
Буға пісіру аяқталғаннан кейін су
сауытын босатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыдан қызу шығады.
Күйіп қалу қатері бар. Су
тартпасын босатқан кезде
абай болыңыз.
5.9 Су сауытының
индикаторы
Бумен пісіру функциясы қосылып
тұрғанда, бейнебетте су сауытының
индикаторы көрсетіледі. Су
сауытының индикаторы сауыттағы
судың деңгейін көрсетеді.
- Су сауыты суға толып тұр.
Сауыт толған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Дыбыстық
сигналды тоқтату үшін кез келген
түймешікті басыңыз.
- Су сауыты суға жартылай
толып тұр.
- Су сауыты бос тұр. Сауытты
толтыру қажет болғанда дыбыстық
сигнал естіледі.
Егер сауытқа өте көп су
құйсаңыз, қауіпсіздік түтігі
артық суды тұмшапештің
табанына ағызады.
Суды жөкеге не шүберекке
сіңіріп тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 11