Instruction for Use

KK - 114
Holiday Mode (Демалыс режимі), Super Freeze Mode (Қатты мұздату режимі), Super Cool Mode (Қатты
салқындату режимі) немесе Economy Mode (Үнемді режим) режимдерін қосар алдында таңдалған
температура мәні режим аяқталғанда немесе жойылғанда сол мәнде қалады. Құрылғы сол
температура мәнінде жұмыс істеуді жалғастырады.
Мұздатқыш температурасының баптаулары
Мұздатқышты баптау индикаторына арналған температураның бастапқы мәні -18 °C-ты құрайды.
Мұздатқышты баптау батырмасын бір рет басыңыз.
Бұл батырманы алғаш рет басқаныңызда, соңғы рет орнатылған мән экранда
жыпылықтап тұрады.
Бұл батырманы әр басқан сайын, орнатылатын температура төмендей береді (-16°C,
-18°C, -20°C, -22°C, -24°C қатты мұздату).
Қатты мұздату таңбасы пайда болғанша салқындатқышты баптау батырмасын бассаңыз
және 1 секунд ішінде ешқандай батырманы баспасаңыз, Super Cool (Қатты салқындату)
жыпылықтай бастайды.
Әрі қарай батырманы баса берсеңіз, ол қайтадан -16°C-тан басталады.
Holiday Mode (Демалыс режимі), Super Freeze Mode (Қатты мұздату режимі), Super Cool
Mode (Қатты салқындату режимі) немесе Economy Mode (Үнемді режим) режимдерін
қосар алдында таңдалған температура мәні режим аяқталғанда немесе жойылғанда
сол мәнде қалады. Құрылғы сол температура мәнінде жұмыс істеуді жалғастырады.
Температураны реттеу жөніндегі ескертулер
Температураны реттеу есіктердің ашылу жиілігі мен тоңазытқыш ішінде сақталатын азық-түліктің
мөлшеріне сәйкестендіріліп орындалуы керек.
Бұл тоңазытқыш қоршаған ортаның кез келген температурасында жұмыс істеуге арналған. Қоршаған
орта температурасы -5 oC-тан төмен болса, тоңазытқыш бөлігінде азық-түлік сақтамаған жөн, себебі
тоңазытқыш бөлігіне салынған өнімдер қоршаған орта температурасына жақын температураны
қабылдайды. Тиісінше, өнімдер қатып қалатын болады. Сіз тоңазытқыш бөлігіне өнімдерді -5 oC-қа
дейінгі температурада сақтай аласыз. Инженерлер әзірленген арнайы алгоритмнің көмегімен азық-
түліктер тоңазытқыш бөлігінде қоршаған орта температурасынан -5 oC-қа төмен температурада
сақталады.
Тоңазытқышыңыз толықтай салқындатуға қойылған соң қоршаған орта температурасына қарай 24
сағат үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Бұл уақыт аралығында тоңазытқышыңыздың есіктерін ашпаңыз
және ішіне тым көп азық-түлік салмаңыз.
Егер блок өшірулі немесе желіден ажыратылған болса, компрессорды зақымдап алмас үшін, блокты
қайта қосып немесе желіге қайта жалғамас бұрын кем дегенде 5 минут күте тұрыңыз.
Сіздің тоңазытқышыңыз ақпараттық тақтайшада
көрсетілген климаттық класқа сәйкес берілген
стандарттарға сай, қоршаған орта температураларының
аралығында жұмыс істеуге арналған. Салқындату
тиімділігінің тұрғысынан қарағанда, біз сізге
тоңазытқышыңызды белгіленген температуралық
шектен тыс пайдаланбауға кеңес береміз.
Бұл құрылғы қоршаған орта температурасының ауқымы
10°C - 43°C болғанда жұмыс істеуге арналған.
Керек-жарақтар
Twist Ice (Мұз қатыру) (Кей үлгілерде)
Мұз қатыру науасын шығарыңыз
Көрсетілген сызыққа дейін су толтырыңыз.
Мұз қатыру науасын бастапқы орнына орналастырыңыз
Мұз текшелері пайда болғанда, оларды мұз салатын
жәшікке аудару үшін тұтқаны бұраңыз.
Ескертпе:
Мұз қатырамын деп мұз салатын жәшікке су толтырмаңыз. Бұл
оны зақымдауы мүмкін.
Тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда мұзқатырғыштың қозғалуы қиындауы мүмкін. Мұндай жағдайда
әйнек сөрелерді шешіп, тоңазытқышты тазалап алу қажет.
Мұзқатырғышты шешу
Мұздатқыштың әйнек сөрелерін шешіңіз
Сөредегі мұзқатырғышты солға немесе оңға тартып, шешіңіз.
Мұздатқыш бөлігіндегі сыйымдылықты арттыру үшін,
мұзқатырғышты алып тастауыңызға болады.
Климаттық
класс
Қоршаған орта
температурасы . (°C)
SN: 10 және 32 °C аралығы
ST: 16 және 38 °C аралығы;
N: 16 және 32 °C аралығы
T: 16 және 43 °C аралығы