Instruction for Use

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Кернеу көзі 230 В/50 Гц
Номиналды кіріс қуат 1500 Вт
Сыртқы өлшемдер
(БхЕхҚ)
360 x 392 x 350
Ішкі өлшемдер
(БхЕхҚ)
149 x 290 x 290
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және
сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға тырысамыз.
Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға
мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп
отыруға тырысамыз.
Құрылғыға күтім көрсету
Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint Ari-
ston ұсынатын құрылғының Professional кәсіби
бұйымдарының желісі құрылғының қолданыс
мерзімін ұзартады және оның сынып қалу қаупін
азайтады.
Professional кәсіби бұйымдарының желісі
құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып
жасалған. Өнімдер сапа, экология және қолдану
қауіпсіздігі бойынша Еуропалық жоғары
стандарттарды қатаң сақтай отырып Италияда
жасалған. Толық ақпаратты www.hotpoint-ariston.
ru веб-сайтының “Қызмет көрсету” бөлімінен
қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден
сұраңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары
Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін шебер
мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы
мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет көрсету желілерін
қалыптастырдық.
Ақау пайда болған жағдайда
Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында,
ақаулықты өзіңіз түзетіп көруге тырысыңыз (“Ақаулықтар
және оларды түзету жолдары” тарауын қараңыз).
Қызмет көрсету орталығына кепілдік құжатында
көрсетілген телефон нөмірімен хабарласуға болады.
! Біз уәкілетті қызмет көрсету орталықтарына ғана
хабарласуды ұсынамыз
! Жөндеу жұмыстарын іске асырған кезде фирмалық
бөлшектерді ғана қолдануын талап етіңіз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында
келесі мәліметтерді беруге дайын екеніңізді тексеріп
алыңыз:
Ақаулық түрін сипаттау;
Кепілдік құжатының нөмірі (қызмет көрсету
кітапшасы, қызмет көрсету сертификаты т.с.с.);
Құрылғының ақпарат тақтайшасында немесе
кепілдік құжатында көрсетілген құрылғының моделі
және сериялық нөмірі (S/N);
Құрылғының сатылған ай-күні
Басқа пайдалы ақпарат пен жаңалықтарды www.hotpoint-
ariston.ru веб-сайтының «Қызмет көрсету» тарауынан
көре аласыз.
ЕСКІ ЭЛЕКТР ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ
ҚОҚЫСҚА ЛАҚТЫРУ
Қоқыс электр және электрондық өнімдер
(WEEE) туралы 2012/19/UE еуропалық
директивасы ескі тұрмыстық электр
құрылғыларын әдеттегі сұрыпталмаған
тұрмыстық ққыс ағынында лақтырмауды
талап етеді.
Қамтитын материалдарды қалпына
келтіруді және қайта өңдеуді
оңтайландыру және адамдардың
денсаулығы мен қоршаған ортаға ықпалды азайту
үшін ескі құрылғыларды бөлек жинау керек.
Өнімдегі сызылған «дөңгелекті себет» таңбасы
құрылғыны бөлек лақтыру міндеті туралы еске
салады. Тұтынушылар ескі құрылғысын дұрыс
қоқысқа лақтыруға қатысты ақпарат алу үшін
жергілікті билік органына немесе ритейлерге
хабарласуы керек.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
• Өнімді түпнұсқа қаптамада көлденең күйінде
тасымалдау керек..
• Тасымалдау және сақтау кезінде өнімді
ауа райының әсерінен және механикалық
зақымдалудан қорғаңыз.
• Өнімді қапталған күйінде жылытылмайтын
бөлмеде төмендегі температура шегінде сақтау
керек:
- +5°С - +40°С
• Өнімді қаптама ішінде табиғи желдетілетін және
салыстырмалы ылғалдылығы максималды 80%
болатын бөлме ішінде сақтау керек.
1212
KZ
hotpoint.co.eu