Instruction for Use

АКСЕССУАРЛАР
ЖАЛПЫ
Нарықта бірнеше қолжетімді
аксессуарлар бар. Сатып алмас
бұрын, оларды микротолқынмен
қолдануға болатынына көз
жеткізіңіз.
Сіз қолданатын құралдар пешке төзімді екеніне
және тамақ дайындамас бұрын олардың
микротолқындарды өткізетініне көз жеткізіңіз.
Тағамдарды және аксессуарларды
микротолқынды пештің ішіне салған кезде, олар
пештің ішкі жағына тимейтініне көз жеткізіңіз.
Бұл әсіресе металдан жасалған немесе металл
бөлшектері бар аксессуарларға қатысты.
Құрамында металл бөлшектер бар аксессуарлар
пештің ішкі бөлігіне тиген жағдайда, пеш жұмыс
істеп тұрса, ұшқын шығып, пеш зақымдалуы
мүмкін.
Пешті іске қоспас бұрын айналдыратын
науаның еркін айналатынына көз жеткізіңіз. Егер
айналмалы платформа еркін айналмаса, басқа
ыдыс пайдалануыңыз керек.
АЙНАЛМАЛЫ ПЛАТФОРМА ТІРЕГІ
Әйнектен жасалған айналмалы
платформаның астына айналмалы
тірек қолданыңыз. Айналмалы
платформа тірегіне басқа құрал
қоймаңыз.
Айналмалы платформа тірегін пешке
орналастырыңыз.
ӘЙНЕКТЕН ЖАСАЛҒАН АЙНАЛМАЛЫ
ПЛАТФОРМА
Әйнектен жасалған айналмалы
платформаны барлық тамақ пісіру
әдістерімен пайдаланыңыз. Ол
пештің ішін былғайтын шырын
тамшылары мен тамақ қалдықтарын жинайды.
Әйнектен жасалған айналмалы
платформаны айналмалы тіректің үстіне
қойыңыз.
ҚЫТЫРЛАҚ ҚАБЫҚШАҒА АРНАЛҒАН
ТӘРЕЛКЕ
Тамақты тікелей қытырлақ
қабықшаға арналған тәрелкеге
салыңыз. Қытырлақ қабықшаға
арналған тәрелкені пайдаланған
кезде әйнектен жасалған айналмалы
платформаны әрдайым тірек ретінде қолданыңыз.
Қытырлақ қабықшаға арналған тәрелкеге
ешқандай құралдарды қоймаңыз, себебі ол
тез арада қатты ысып, құралдарды зақымдауы
мүмкін.
Қытырлақ қабықшаға арналған тәрелкені
пайдаланбас бұрын, алдын ала жылытуға болады
(макс. 3 мин.). Қытырлақ қабықшаға арналған
тәрелкені алдын ала жылытқан кезде, белсенді
қытырлақ қабықша функциясын пайдаланыңыз.
ҚЫТЫРЛАҚ ҚАБЫҚШАҒА АРНАЛҒАН
ТӘРЕЛКЕ ТҰТҚАСЫ
(аксессуар бөлек сатылады)
Пештен ыстық тәрелкені алу үшін,
өніммен бірге берілген арнайы
қытырлақ қабықшаға арналған
тәрелке тұтқасын пайдаланыңыз.
ТОР
Гриль және комби функциясымен
тамақ дайындау кезінде жоғарғы
торды пайдаланыңыз.
СИЛИКОН ЫДЫС
Шоколад функциясымен тамақ
дайындау кезінде силикон ыдыс
пайдаланыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Қалыпты жағдайда қажет ететін жалғыз
техникалық қызмет көрсету түрі - тазалау процесі.
Тазалау жұмысы микротолқынды пеш қуат көзінен
ажыратылған күйде орындалуы қажет.
Пешті таза ұстамау нәтижесінде
пештің ішкі беті нашарлауы
мүмкін, ал ол өз кезегінде
құрылғының қызметтік мерзіміне
кері әсерін тигізеді және қауіпті
жағдайға себеп болуы мүмкін.
Басқару панелін және пештің
сыртқы беттерін зақымдайтын
металдан жасалған жөкелерді,
абразивті тазалау құралдарын,
болаттан жасалған жөкелерді,
құмды шүберектерді сол сияқты
55
KZ
hotpoint.co.eu