User's Guide

5 Экранда шарлау
Компьютер үлгісіне байланысты компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістер көмегімен
жылжуға болады:
Сенсорлы қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз.
Сенсорлы қимылдарды сенсорлы тақтада пайдаланыңыз.
Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдаланыңыз.
Экрандағы пернетақтаны пайдаланыңыз.
Меңзеу таяқшасын пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын
пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді
басқаруға мүмкіндік береді. Әрі сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің
сәйкес түймешіктері сияқты пайдалануға болады. Сенсорлы экранды шарлау үшін (тек таңдаулы
өнімдерде) осы тарауда сипатталған қимылдар арқылы экранды тікелей нұқыңыз.
Қимылдарыңызды реттеу және олардың қалай қолданылуын көрсететін бейнелерді көру үшін
тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне панель управления сөзін теріп, Панель управления
және содан кейін Аппаратное обеспечение и звук (Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын
таңдаңыз. Устройства и принтеры (Құрылғылар және принтерлер) тізімінен Мышь (Тінтуір) тармағын
таңдаңыз.
Кейбір өнімдер кеңейтілген қимыл функционалдығын қамтамасыз ететін дәл сенсорлы тақта қызметін
қамтиды. Дәл сенсорлы тақта қызметі бар-жоғын анықтау және қосымша ақпаратты табу үшін Пуск
(Бастау), Параметры (Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы
тақта) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өзге көрсетілмесе, қимылдарды сенсорлы тақтада және сенсорлы экранда пайдалануға
болады.
Түрту
Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, оны таңдау үшін бір саусақпен сенсорлы тақта немесе
сенсорлы экран аймағын түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
30 5-тарау Экранда шарлау