User's Guide

7 Компьютерге техникалық қызмет
көрсету
Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетіліп тұруы тиіс.
Бұл тарауда дискіні дефрагментациялау және дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары
түсіндіріледі
. Сонымен қатар бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді
тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға)
арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
Компьютер жұмысын жақсарту
Жүйелі түрде қызмет көрсету тапсырмаларын Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау)
және Очистка диска (Дискіні тазалау) сияқты құралдар көмегімен орындау арқылы компьютердің
жұмысын өзгертуге болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
HP компаниясы қатты дискіңізді кем дегенде айына бір рет дефрагментациялау үшін Дефрагментация
диска (Дискіні дефрагментациялау) құралын пайдалануды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету қажет
емес.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында дефрагментация (дефрагментациялау) сөзін
жазып
, Дефрагментация и оптимизация дисков (Дискілерді дефрагментациялау және
оңтайландыру) бағдарламасын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру және қатты дискіден еш
қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табу үшін Очистка диска (Дискіні тазалау) құралын
пайдаланыңыз.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диск сөзін теріп, Очистка диска (Дискіні тазалау)
пәрменін таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютер жұмысын жақсарту 41