User's Guide

Оң жақ
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
өнімдерде)
Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып, Windows
амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін
саусағыңызды ол оқылғанша саусақ ізін оқу
құрылғысына қойыңыз. Толық ақпаратты Windows
Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
(46-бет) бөлімінен қараңыз.
(2) Диск шамы Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша
өшіріп қояды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D Drive Guard қызметі туралы ақпаратты HP
3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану (41-бет) бөлімінен қараңыз.
(3) USB Type-C порты Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректер беруді
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(5) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
Ақ: желі қосылған.
Сары: желіде әрекет орын алуда.
(6) Айнымалы ток адаптері мен батарея шамы Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы емес.
Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
Оң жақ 5