User's Guide

Үш саусақпен түрту (сенсорлы тақта және Precision TouchPad)
Әдепкі бойынша үш саусақпен түрту Cortana дыбыстық іске қосылатын виртуалды көмекші құралын
ашады. Қимылды орындау үшін, сенсорлы тақтада үш саусақпен түртіңіз.
Бұл қимылдың Precision TouchPad бағдарламасындағы функциясын өзгерту үшін, Пуск (Бастау),
Параметры (Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панельенсорлы тақта)
тармағын таңдаңыз. Жесты тремя пальцами (Үш саусақ қимылдары) бөліміндегі Касанияүрту)
терезесінде қимыл параметрін таңдаңыз.
Төрт саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту
Әдепкі бойынша төрт саусақпен түрту қимылы әрекет орталығын ашады. Қимылды орындау үшін,
сенсорлы тақтада төрт саусақпен түртіңіз.
Бұл қимылдың Precision TouchPad бағдарламасындағы функциясын өзгерту үшін, Пуск (Бастау),
Параметры (Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панельенсорлы тақта)
тармағын таңдаңыз. Жесты четырьмя пальцами (Төрт саусақ қимылдары) бөліміндегі Касания
үрту) терезесінде қимыл параметрін таңдаңыз.
Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада)
Әдепкі бойынша үш саусақпен сырғыту ашық бағдарламалар мен жұмыс үстелі арасында
ауыстырады.
Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
Ашық тұрған терезелер арасында ауысу үшін 3 саусағыңызды сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану 31