User's Guide
Бұл қимылдың Precision TouchPad бағдарламасындағы функциясын өзгерту үшін, Пуск (Бастау),
Параметры (Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта)
тармағын таңдаңыз. Жесты тремя пальцами (Үш саусақ қимылдары) бөліміндегі Прокрутки (Жанап
өту) терезесінде қимыл параметрін таңдаңыз.
Төрт саусақпен жанап өту (Precision TouchPad)
Әдепкі бойынша төрт саусақпен жанап өту ашық жұмыс үстелдер арасында ауыстырады.
● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 4 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
● Жұмыс үстелін көрсету үшін 4 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
● Ашық жұмыс үстелдері арасында ауысу үшін, 4 саусақпен сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Бұл қимылдың функциясын өзгерту үшін, Пуск (Бастау), Параметры (Параметрлер), Устройства
(Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) тармағын таңдаңыз. Жесты четырьмя
пальцами (Төрт саусақ қимылдары) бөліміндегі Прокрутки (Жанап өту) терезесінде қимыл параметрін
таңдаңыз.
Бір саусақпен сырғыту (тек сенсорлы экранда)
Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды
жылжыту үшін пайдаланыңыз.
● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз.
● Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
32 5-тарау Экранда шарлау










