User's Guide

Оң жақ
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөлшектер мен олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Диск индикаторы Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша
өшіріп қояды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D Drive Guard қызметі туралы ақпаратты HP
3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану (39-бет) бөлімінен қараңыз.
(2) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Пускастау) түймесін басып, Справка и поддержка HP
(HP анықтамасы және қолдау), одан кейін
Документация HP (HP құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(3) USB SuperSpeed порттары (2) Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғыларын жалғап, деректерді
жоғары жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(4) Айнымалы ток адаптері мен батарея шамы Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы емес.
Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
Оң жақ 5