User's Guide

Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Белгіше Сипаттама
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады. Таңдаулы өнімдерде
пернетақтаны жарықтандыру жарықтығын реттеуге болады. Пернені қайта басу арқылы жарықтық
деңгейі жоғары (компьютерді бірінші рет бастаған кезде жанады), төмен, өшірулі болып реттеледі.
Пернетақтаны жарықтандыру параметрі реттелгеннен кейін, компьютерді бастаған сайын,
жарықтандыру опциясы алдыңғы болып реттелген параметрден басталады. Компьютер 30 секунд
ішінде әрекетсіз тұрса, пернетақтаның артқы жарығы өшеді. Пернетақтаның артқы жарығын қайта
қосу үшін кез келген пернені басыңыз немесе сенсорлы тақтаны (тек таңдаулы өнімдерде) түртіңіз.
Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Ықшам дискіден алдыңғы ән жолын, DVD немесе Blu-ray дискісінен (BD) алдыңғы жолды ойнатады.
Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатуды бастайды, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды
жалғастырады.
Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Ұшу режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Ұшу режимі пернесі де сымсыз байланыс түймешігі деп саналады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Пернетақта аумағы 13