Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2019, 2020 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Intel корпорациясының немесе еншілес компанияларының сауда белгілері. Windows — АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі. Miracast® – Wi-Fi Alliance компаниясының тіркелген сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейдің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем не мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таңдаулы өнімдер Intel® Pentium® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows® операциялық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ..................................................................................................................................... 1 2 Компьютермен танысу ....
Құлақаспаптарды жалғау .............................................................................................................. 20 Гарнитураны жалғау ....................................................................................................................... 20 Дыбыс параметрлерін пайдалану ................................................................................................. 20 Бейнені пайдалану ....................................................................................
Қуат көзі қолжетімді болмағанда, төмен батарея заряды мәселесін шешу .......... 33 Компьютерді гибернация режимінен шығару мүмкін болмағанда, төмен батарея заряды мәселесін шешу ................................................................................ 33 Зауытта салынған батарея ............................................................................................................. 33 Сыртқы қуат көзімен жұмыс істеу ................................................................................
HP PC Hardware Diagnostics пайдалану ...................................................................................................... 49 HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану .............................................. 49 HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ......................................................................... 50 HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу .................................................
14 Арнайы мүмкіндіктер .............................................................................................................................. 60 HP және арнайы мүмкіндіктер ......................................................................................................................... 60 Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу .................................................... 60 HP міндеті ....................................................................................
xii
1 Алғашқы жұмыс Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Кесте 1-1 Қосымша ақпарат (жалғасы) Ресурстар Мазмұны бағдарламасын таңдаңыз. Одан кейін Поддержка (Қолдау) опциясын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы іздеу өрісінде орналасқан сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. Одан кейін Поддержка (Қолдау) опциясын таңдаңыз.
2 Компьютермен танысу Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөлшектер мен олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама Картаны алып тастау үшін: ▲ Картаны жад карта оқу құралынан шығарып алыңыз. (2) USB SuperSpeed порттары (2) Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді. (3) Айнымалы ток адаптері мен батарея шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея толығымен зарядтаулы емес.
Кесте 2-2 Сол жақтағы бөлшектер мен олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама (4) Диск шамы (тек таңдаулы өнімдерде) ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. (5) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: (тек таңдаулы өнімдерде): Компьютер қуатты үнемдеу күйі болып табылатын Ұйқы күйінде. Компьютер дисплейді және қажетсіз құрамдас бөлшектерді өшіреді. ● Өшірулі: компьютер моделіне байланысты компьютер өшірулі, гибернация күйінде немесе ұйқы режимінде болады.
Дисплей Кесте 2-3 Дисплей бөлшектері мен олардың сипаттамалары Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* (моделіне байланысты 1 немесе 2) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады. (3) Камера шамы Қосулы: камера пайдаланылуда. (4) Камера Чатты түсіру, бейнені жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны пайдалану (19-бет) бөлімін қараңыз.
Пернетақта аумағы ЕСКЕРТПЕ: Пернетақталар тілге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Сенсорлы тақта Сенсорлы тақта параметрлері Сенсорлы тақта параметрлері мен қимылдарды реттеу немесе сенсорлы тақтаны өшіру үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне параметры сенсорной панели (сенсорлы тақта параметрлері) деп теріп, enter пернесін басыңыз. 2. Параметрді таңдаңыз. Сенсорлы тақтаны қосу үшін: 1.
Кесте 2-4 Сенсорлы тақта құрамдас бөлшектері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Құрамдас бөлшек Сипаттама (2) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймелері Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймелері Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. Шамдар Кесте 2-5 Шамдар және олардың сипаттамалары Бөлік 8 Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: Пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған.
Түймешік, үндеткіштер, желдеткіш тесіктер және саусақ ізін оқу құрылғысы Кесте 2-6 Түймешік, үндеткіштер, желдеткіш тесіктер және саусақ ізін оқу құрылғысы және олардың сипаттамалары Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, оны қосу үшін түймені басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйіне өткізу үшін, түймені тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймені тез басып қалыңыз.
Кесте 2-6 Түймешік, үндеткіштер, желдеткіш тесіктер және саусақ ізін оқу құрылғысы және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (4) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы өнімдерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып, Windows операциялық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама (5) num lock пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және сандар функциясын атқарады. (6) Кірістірілген сандық пернетақта Әріптік пернетақтаның оң жағында орналасқан бөлек пернетақта. num lock пернесі басылған кезде, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. ЕСКЕРТПЕ: Өшірілген компьютерде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді.
Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Белгіше Сипаттама Ықшам дискіден алдыңғы ән жолын, DVD немесе Blu-ray дискісінен (BD) алдыңғы жолды ойнатады. Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатуды бастайды, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды жалғастырады. Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады. Ұшу режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында. ● Қызмет көрсету жапсырмасы: компьютерді анықтау үшін маңызды ақпаратты береді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл ақпаратты табыңыз.
Кесте 2-11 Қызмет көрсету жапсырмасының бөлшектері (жалғасы) Бөлік 14 (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Нормативтік ақпараты бар жапсырма(лар): компьютер туралы заңдық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәландыру белгісі(лері): қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та, дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-сайттардың ақпаратына қол жеткізуге болады. Осы тарауда берілген ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін ▲ Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басып, Открыть настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлерін ашу) опциясын таңдаңыз. – немесе – ▲ Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басып, Настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлері) опциясын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу ЕСКЕРТПЕ: Үйде интернет байланысын орнату кезінде интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет.
нүктесінсіз интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін. Нөмір компьютердің түбіндегі батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің астында немесе дисплейдің артында компьютердің төменгі жағында орналасқан жапсырмаға басылған болуы мүмкін. – немесе – 1.
Bluetooth құрылғыларын қосу Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Егер Bluetooth әлі қосылмаған болса, оны қосыңыз. 3.
4 Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Құлақаспаптарды жалғау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне Документация HP (HP құжаттары) деп жазып, одан кейін Документация HP (HP құжаттары) опциясын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану Бұл компьютер таңдаулы веб-сайттардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді. ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, әсіресе Расширить (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз, Параметры (Параметрлер) белгішесін , кейін Система (Жүйе) опциясын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
USB Type-C мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпарат алу үшін, http://www.hp.com/support веб-бетін ашып, өнімді табу нұсқауларын орындаңыз. Құрылғыларды USB Type-C портына (тек таңдаулы өнімдерде) жалғау ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C құрылғысын компьютерге жалғау үшін, бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
5 Экранда шарлау Компьютер үлгісіне байланысты компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістер көмегімен жылжуға болады: ● Сенсорлы қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз. ● Сенсорлы қимылдарды сенсорлы тақтада пайдаланыңыз. ● Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдаланыңыз. ● Экрандағы пернетақтаны пайдаланыңыз. ● Меңзеу таяқшасын пайдаланыңыз.
Екі саусақпен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Үш саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәлдігі жоғары сенсорлы тақта) Әдепкі бойынша үш саусақпен түрту қимылы арқылы тапсырмалар тақтасындағы іздеу жолағы ашылады. Қимылды орындау үшін сенсорлы тақтада үш саусақпен түртіңіз. Бұл қимылдың дәл сенсорлы тақтадағы функциясын өзгерту үшін Пуск (Бастау), Параметры (Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) тармағын таңдаңыз.
Үш саусақпен жүргізіп өту (сенсорлы тақта және дәлдігі жоғары сенсорлы тақта) Әдепкі бойынша үш саусақпен сырғыту ашық қолданбалар мен жұмыс үстелі арасында ауыстырады. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз. ● Ашық тұрған терезелер арасында ауысу үшін 3 саусағыңызды сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экран) Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін пайдаланыңыз. ● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. ● Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
6 Қуатты басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде, батарея зарядын бақылау және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Ұйқы және гибернация режимдерін пайдалану МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютер Ұйқы режимінде болғанда, оның бірнеше осал тараптары болады.
● Пернетақтадағы пернені басыңыз (тек таңдаулы өнімдерде). ● Сенсорлы тақтаны түртіңіз (тек таңдаулы өнімдерде). Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады. ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқы режимінен шыққан кезде, құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Жұмысты аяқтау пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, соның ішінде амалдық жүйені және дисплей мен компьютерді өшіреді. Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде, оның жұмысын аяқтаңыз. Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе гибернация күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе гибернация күйінен шығу қажет. 1.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер өнімдері батарея зарядын сақтау үшін графика контроллерлері арасында ауыса алады. HP Fast Charge пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды: ● Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгін басыңыз. 2. Устранение неполадок и ошибок (Ақаулықтарды жою және түзету) опциясын таңдап, Диагностика бөліміндегі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетіліп тұруы тиіс. Бұл тарауда дискіні дефрагментациялау және дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Мына оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
1. Пуск (Бастау) опциясын, кейін Microsoft Store опциясын таңдаңыз. 2. Іздеу жолағының жанындағы есептік жазба профилі суретін таңдап, Загрузки и обновления (Жүктеулер мен жаңартулар) опциясын таңдаңыз. 3. Загрузки и обновления (Жүктеулер мен жаңартулар) бетінде жаңартулар үшін таңдау жасаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Драйверлерді жаңарту үшін 1.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, мына ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз: ● спирт; ● ацетон; ● аммоний хлориді; ● метиленхлорид; ● көмірсутектер; ● бензин немесе сұйылтқыш сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған қандай да бір тазалағыш зат. ЕСКЕРТПЕ: 3. Компьютер толығымен құрғақ болғанша, оны жаппаңыз. Беткейі құрғақ кезде: а. Айнымалы ток көзіне қосыңыз. ә. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын жалғаңыз. б.
Ағаш беткейге күтім көрсету (тек таңдаулы өнімдерде) Құрылғыңыздың беткейі жоғары сапалы ағаш бет болуы мүмкін. Табиғи ағаш өнімдер болса, оларды пайдалану барысында жақсы нәтиже үшін оларға дұрыс күтім көрсету және дұрыс пайдалану өте маңызды. Табиғи ағаштың табиғатына байланысты оның беткейі бірегей және түсі өзгешелеу болуы мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай. ● Ағаш беткейді жұмсақ, антистатикалық микроталшық матамен немесе күдерімен тазалаңыз.
шектеулер болуы мүмкін. Егер компьютердегі сымсыз байланыс құрылғысын қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан бұрын, рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: – Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. – Компьютерді қолдануды жоспарлайтын әрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы мүмкін.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Кесте 8-2 BIOS құпия сөздері және олардың функциялары Құпия сөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды. ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет. ● Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды.
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Саусақ ізін оқу құралы немесе инфрақызыл камерасы бар өнімдерде Windows Hello арқылы саусағыңыздың ізін тіркеуге, бетіңіздің идентификациялық нөмірін және PIN кодының параметрлерін орнатуға болады. Тіркелгеннен кейін саусақ ізін оқу құралы, инфрақызыл камера немесе PIN кодының көмегімен Windows жүйесіне кіре аласыз. Windows Hello орнату үшін 1.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Брандмауэр жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Сымсыз желіні қорғау Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар және әуежайлар сияқты адамдар көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
● 1. Setup Utility (BIOS) қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (46-бет) бөлімін қараңыз). 2. Главная (Негізгі) параметрін таңдап, BIOS нұсқасын жазып алыңыз. 3. Выход (Шығу) тармағын, одан кейін опциялардың біреуін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows жүйесінде ctrl+alt+s пернелер тіркесімін басыңыз. Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (47-бет) бөлімін қараңыз.
3. Алдында жазып алған қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз. 4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe). BIOS орнатылуы басталады. 5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Орнату сәтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
10 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін Windows операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал. Құрал Windows операциялық жүйесінде аппараттық құралдың ақаулықтарын тексеру үшін қолданылады.
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. ● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін пайдалану қажет. HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Windows 10 S компьютерін пайдаланғанда, HP UEFI қолдау ортасын жүктеу және жасау үшін тек .exe пішіміндегі файлдар қолданылғандықтан, Windows компьютері мен USB флэш-жадын пайдалану қажет. Қосымша ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу (52-бет) бөлімінен қараңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу USB флэш-жады дискісіне жүктелген HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралы келесі жағдайларда пайдалы болады: ● HP PC Hardware Diagnostics UEFI алдын-ала орнатылған кескінде жоқ. ● HP PC Hardware Diagnostics UEFI HP Tool бөлімінде қамтылмаған кезде. ● Қатты диск зақымдалған кезде. ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын жүктеп алу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты беті көрсетіледі. 2. Загрузить Remote Diagnostics (Қашықтан диагностикалау құралын жүктеу) опциясын таңдаңыз, содан кейін Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін қолданылатын стандартты процедура: ● Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдарын пайдалану (54-бет) бөлімін қараңыз).
ЕСКЕРТПЕ: Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз қажет. HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP қалпына келтіру медиа құралын жүктелетін USB флэш-жадында жасау үшін HP Cloud Recovery Download Tool құралын пайдалануға болады. Мәлімет алу үшін: ▲ http://www.hp.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз. Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек HP компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Кесте 12-1 ТТ қуат сипаттамалары (жалғасы) Тұтынылатын қуат Мөлшер 16,92 A – 330 Вт қуатында тұрақты ток – 19,5 В Сыртқы HP қуат беру құралының тұрақты ток ашасы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
13 Электрстатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Арнайы мүмкіндіктер HP және арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл компанияның әрбір әрекетінде көрінеді. HP компаниясы адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасауға тырысады. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік. Мақсаты – арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандарға мансаптарын жетілдіруге және дамытуға, сондай-ақ ұйымдарға арнайы мүмкіндіктерді өнімдері мен инфрақұрылымына жақсырақ ендіруге көмектесу.
● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3, 4.2/Jelly Bean) ● HP Chromebook компьютерлері – HP Chromebook немесе Chromebox (Chrome OS) құрылғысында арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP Shopping – HP өнімдеріне арналған перифериялық құрылғылар HP өніміңіздегі арнайы мүмкіндіктер туралы қосымша қолдау қажет болса, ақпаратты Қолдау қызметіне хабарласу (64-бет) бөлімінен қараңыз.
● Түсіндіру (мысалы, суреттерге мәтін баламаларын, дыбыстарға жазуларды, көрмелерге бейнелеуді және түсті контрастты қолдану арқылы) ● Жұмысқа бейімдеу (пернетақтаға қолжетімділікті, түс контастын, енгізу уақытын, бас тартуды және жылжу мүмкіндігін игеруді реттеу арқылы) ● Түсінікті (оқу, болжау және енгізу көмекші құралдарын реттеу арқылы) ● Тұрақты (мысалы, көмекші технологиялармен үйлесімділікті реттеу арқылы) Заңдар мен ережелер Ақпараттық технологияларға және ақпаратқа қолжетімділік заңды маңыз
Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге бейімделу бағдарламасы бойынша Миннесота университеті Шектеулі мүмкіндіктер туралы басқа да ресурстар ● ADA (АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау туралы заң) техникалық көмекші бағдарлама ● Халықаралық еңбек ұйымының Кәсіпкерлік пен мүгедектік мәселелері бойынша жаһандық желісі
Индекс Таңбалар/Сандар 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 62 А ағаш беткейге күтім көрсету 39 Айнымалы ток адаптері және батарея шамы, анықтау 4 алдыңғы күйге қайтару 54 АМ (арнайы мүмкіндіктер): мақсаты 60 табу 61 амалдық жүйе басқару элементтері 15 арнайы мүмкіндіктер 60 арнайы мүмкіндіктер (АМ) мақсаты 60 табу 61 арнайы мүмкіндіктер бағалауды қажет етеді 61 Арнайы мүмкіндіктер туралы HP саясаты 60 арнайы пернелер, пайдалану 10 астыңғы құрамдас бөліктер 12 аудио 19 HDMI аудиосы 22 гарнитура 20
екі саусақпен сырғыту сенсорлы тақта қимылы 25 екі саусақпен түрту сенсорлы тақта қимылы 25 ең жақсы тәжірибе 1 Ж жабдық, табу 3 жапсырмалар Bluetooth 14 WLAN 14 қызмет 12 нормативтік 14 сериялық нөмір 13 сымсыз куәлік 14 жауапсыз жүйе 30 желдеткіштер, анықтау 9, 12 желі ұясы, анықтау 4 желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 44 желіге қосылу 15 жетек жарығы, анықтау 5 жоғары ажыратымдылықты құрылғылар, жалғау 21, 22 жұмыс ортасы 58 жұмысты аяқтау 30 жүйені қалпына келтіру нүктелері, жасау 54 жүктелу реті, ө
саусақ іздері, тіркеу 43 саусақ ізін оқу құрылғысы, анықтау 10 сенсорлы тақта пайдалану 24 параметрлері 7 сенсорлы тақта аймағы, анықтау 7 сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдары екі саусақпен қысып масштабтау 25 Сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдарын түрту 24 сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдарын түрту 24 сенсорлы тақта қимылдары екі саусақпен сырғыту 25 екі саусақпен түрту 25 төрт саусақпен жүргізіп өту 27 төрт саусақпен түрту 26 үш саусақпен жүргізіп өту 27 үш саусақпен түрту 26 сенсо
HP 3D DriveGuard 36 HP Device as a Service (HP DaaS, HP құрылғысы қызмет ретінде) 44 HP Easy Clean бағдарламасын пайдалану 37 HP Fast Charge 32 HP PC Hardware Diagnostics UEFI бастау 51 жүктеу 52 пайдалану 51 HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеу 50 орнату 50 пайдалану 49 HP Recovery Manager жүктеу мәселелерін шешу 55 HP Recovery құралы қалпына келтіру 55 HP Sure Recover 56 HP Touchpoint Manager 44 HP ресурстары 1 HP ұялы мобильді кең жолақты IMEI нөмірі 16 MEID нөмірі 16 белсендіру 16 I IMEI нөмірі 16