User's Guide
Кесте 2-2 Сол жақтағы бөлшектер мен олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
(4) Диск шамы (тек таңдаулы өнімдерде) ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
(5) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы.
● Жыпылықтау: (тек таңдаулы өнімдерде): Компьютер
қуатты үнемдеу күйі болып табылатын Ұйқы күйінде.
Компьютер дисплейді және қажетсіз құрамдас
бөлшектерді өшіреді.
● Өшірулі: компьютер моделіне байланысты компьютер
өшірулі, гибернация күйінде немесе ұйқы режимінде
болады. Гибернация күйі – ең аз мөлшерде қуат
тұтынатын қуатты үнемдеу күйі.
(6) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Тоққа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға қосымша
автономды микрофонды жалғауға болмайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақ алу қаупін азайту үшін
құлақаспаптарды, тығын тәріздес құлақаспапты немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қауіпсіздікке
және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік
туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне
Документация HP (HP құжаттары) деп жазып, одан
кейін Документация HP (HP құжаттары) опциясын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
Сол жақ 5










