User's Guide
Кесте 2-6 Түймешік, үндеткіштер, желдеткіш тесіктер және саусақ ізін оқу құрылғысы және олардың
сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату
үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде
қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып,
біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
(4) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек
таңдаулы өнімдерде)
Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып, Windows
операциялық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
▲ Саусақ ізін оқу құрылғысын саусағыңызбен түртіңіз. Толық
ақпаратты Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек
таңдаулы өнімдерде) (43-бет) бөлімінен қараңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Саусақ ізі көмегімен кіру кезінде орын
алуы мүмкін мәселелердің алдын алу үшін, саусағыңыздың
ізін тіркегенде, саусақ ізін оқу құрылғысы саусағыңызды
барлық жағынан тіркегеніне көз жеткізіңіз.
Арнайы пернелер
Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі.
(2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылған кезде белгілі бір функцияларды
орындайды.
(3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау)
мәзірі жабылады.
(4) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. Әрекет
пернелері (11-бет) бөлімін қараңыз.
10 2-тарау Компьютермен танысу










