User's Guide
6 Қуатты басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер
батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде,
батарея зарядын бақылау және үнемдеу маңызды.
Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы
мүмкін
.
Ұйқы және гибернация режимдерін пайдалану
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютер Ұйқы режимінде болғанда, оның бірнеше осал тараптары болады.
Компьютеріңіздегі деректерді, сонымен қатар шифрланған деректерді рұқсатсыз пайдаланудың
алдын алу үшін HP компаниясы Ұйқы режимінің орнына күту режимін пайдалануды ұсынады, сонда
компьютер кез келген уақытта физикалық ықпалыңыздан тыс болады. Бұл тәжірибе компьютеріңізді
бірге алып жүргенде өте маңызды.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе
бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және гибернация режимдері бар.
● Ұйқы—ұйқы күйі әрекетсіз тұрғаннан кейін автоматты түрде іске қосылады. Жұмысыңыз жадқа
сақталып, жұмысыңызды әрі қарай жылдам жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұйқы
күйін қолмен де қосуға болады. Қосымша ақпаратты Ұйқы режимін іске қосу және одан шығу
(29-бет) бөлімінен қараңыз.
● Гибернация—егер батарея критикалық деңгейіне жетсе немесе ұйқы күйінде ұзақ уақыт бойы
болса, гибернация күйі автоматты түрде іске қосылады. Күту күйінде жұмыс гибернация файлына
сақталып, компьютер өшіріледі. Гибернация күйін қолмен де қосуға болады. Қосымша ақпаратты
Гибернация режимін іске қосу және одан шығу (тек таңдаулы өнімдерде) (30-бет) бөлімінен
қараңыз.
Ұйқы режимін іске қосу және одан шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
● Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Спящий режим (Ұйқы
режимі) тармағын таңдаңыз.
● Дисплейді (тек таңдаулы өнімдерде) жабыңыз.
● Ұйқы жылдам пернесін басыңыз (тек таңдаулы өнімдерде); мысалы, fn+f1 немесе fn+f12.
● Қуат түймешігін тез басып қалыңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйінен шығуға болады:
● Қуат түймесін тез басып қалыңыз.
● Егер компьютер жабық болса, дисплейді көтеріңіз (тең таңдаулы өнімдерде).
Ұйқы және гибернация режимдерін пайдалану 29










