Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2020 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron, Pentium және Thunderbolt – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Intel корпорациясының немесе еншілес компанияларының сауда белгілері. Windows – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейдің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем не мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таңдаулы өнімдер Intel® Pentium® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows® операциялық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ..................................................................................................................................... 1 2 Компьютермен танысу ....
4 Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану .................................................................................................... 22 Камераны пайдалану ........................................................................................................................................ 22 Аудио пайдалану ............................................................................................................................................... 22 Үндеткіштерді жалғау ...........................
HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек таңдаулы өнімдерде) ........................................................................................................................................ 37 Батарея қуатын үнемдеу ................................................................................................................ 37 Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау .......................................................................
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану ................................................................................................. 51 Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау ............................................................................................................. 51 Setup Utility (BIOS) жаңарту ............................................................................................................................... 51 BIOS нұсқасын анықтау .................................
12 Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................ 62 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................................. 62 Жұмыс ортасы .................................................................................................................................................... 63 13 Электрстатикалық разряд ........
xii
1 Алғашқы жұмыс Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Кесте 1-1 Қосымша ақпарат (жалғасы) Ресурстар Мазмұны бағдарламасын таңдаңыз. Одан кейін Поддержка (Қолдау) опциясын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы іздеу өрісінде орналасқан сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. Одан кейін Поддержка (Қолдау) опциясын таңдаңыз.
2 Компьютермен танысу Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің нақты түсі, функциялары, опциялар орындары, белгішелер жапсырмалары және керек-жарақтары көрсетілген кескіндерден өзгеше болуы мүмкін.
Оң жақтағы ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз. Кесте 2-1 Оң жақтағы құрамдас бөлшектер және олардың сипаттамалары Құрамдас бөлшек Сипаттама (1) USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен деректер беруді қамтамасыз етеді және (тек таңдаулы өнімдерде) компьютер өшірілген болса да, кіші құрылғыларды зарядтайды.
Сол жақтағы Кесте 2-2 Сол жақтағы құрамдас бөлшектер және олардың сипаттамалары Құрамдас бөлшек Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптерін қосады. (2) Айнымалы ток адаптері және батарея индикаторы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея толығымен зарядтаулы. ● Ақ түсте жыпылықтайды (тек таңдаулы өнімдерде): айнымалы ток адаптері ажыратылды және батарея заряды төмен батарея деңгейіне жетті. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда.
Кесте 2-2 Сол жақтағы құрамдас бөлшектер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Құрамдас бөлшек Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер үндеткіштері ажыратылады. (7) Жад карталарын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды. Картаны салу үшін: 1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз. 2. Картаны жад карталарын оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Кесте 2-4 Дисплей құрамдас бөлшектері және олардың сипаттамалары Құрамдас бөлшек Сипаттама (1) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (3) Камера Бейнечат жүргізу, бейне жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін, Камераны пайдалану (22-бет) бөлімін қараңыз.
Пернетақта аймағы ЕСКЕРТПЕ: Пернетақталар тілге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Сенсорлы тақта Сенсорлы тақта параметрлері Сенсорлы тақта параметрлері мен қимылдарын реттеу немесе сенсорлы тақтаны өшіру үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне параметры сенсорной панели (сенсорлы тақта параметрлері) деп теріп, enter пернесін басыңыз. 2. Параметрді таңдаңыз. Сенсорлы тақтаны қосу үшін: 1.
Индикаторлар ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. Кесте 2-6 Индикаторлар және олардың сипаттамалары Құрамдас бөлшек Сипаттама (1) Caps lock индикаторы Бұл индикатор жанып тұрғанда: пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру индикаторы ● Бұл индикатор жанып тұрғанда: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Бұл индикатор жанып тұрғанда: Сенсорлы тақта өшірулі.
Түйме ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. Кесте 2-7 Түйме және оның сипаттамасы Құрамдас бөлшек Қуат пернесі Сипаттама ● Компьютер өшірулі болғанда, оны қосу үшін түймені басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймені тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймені тез басып қалыңыз.
Арнайы пернелер ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз. Кесте 2-8 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары Құрамдас бөлшек Сипаттама (1) Әрекеттер пернелері fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі қолданылатын жүйе функцияларын орындайды. Әрекет пернелері f1 және f12 функция пернелері арасындағы белгіше таңбалары бойынша анықталады. Функциялық пернелер компьютерге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Әрекеттер пернелері (12-бет) бөлімін қараңыз. (2) Калькулятор пернесі Калькулятор ашылады.
Кесте 2-8 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Құрамдас бөлшек Сипаттама Компьютер жауап беруді тоқтатып, өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймесін кем дегенде 10 секунд басып тұрыңыз. Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан қараңыз: ▲ Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. (8) OMEN пернесі OMEN Command Center (OMEN пәрмендер орталығы) бағдарламалық құралын ашады.
Кесте 2-9 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Белгіше Сипаттама Үндеткіштегі дыбысты өшіреді немесе қайта қосады. Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды. Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп жоғарылайды. Шағын дискіде алдыңғы ән жолын немесе DVD не Blu-ray дискісінен (BD) алдыңғы бөлімді ойнатады. Шағын дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатуды бастайды, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды жалғастырады.
Астыңғы жағындағы ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. Кесте 2-10 Астыңғы жағындағы құрамдас бөлшектер және олардың сипаттамалары Құрамдас бөлшек Сипаттама (1) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (2) Желдеткіш Ішкі құрамдас бөлшектерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі құрамдас бөлшектерді салқындату және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Жапсырмалар Компьютерге бекітілген жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жою кезінде немесе компьютермен саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін ақпаратты береді. Жапсырмалар қағаз пішінде немесе өнімде басылған күйінде болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында.
Кесте 2-12 Қызмет көрсету жапсырмасының құрамдас бөлшектері (жалғасы) Құрамдас бөлшек (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік мерзімі ● Нормативтік ақпараты бар жапсырма(лар)—компьютер туралы заңдық ақпаратты береді. ● Сымсыз сертификат жапсырма(лары)—қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та, дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-сайттардың ақпаратына қол жеткізуге болады. Осы тарауда берілген ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін ▲ Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басып, Открыть настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлерін ашу) опциясын таңдаңыз. – немесе – ▲ Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басып, Настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлері) опциясын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу ЕСКЕРТПЕ: Үйде интернет байланысын орнату кезінде интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет.
HP Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең жолақты мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді байланыс операторының желісімен пайдаланғанда, Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.
● Тінтуір ● Сыртқы пернетақта Bluetooth құрылғыларын қосу Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Егер Bluetooth әлі қосылмаған болса, оны қосыңыз. 3.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану Камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Құлақаспаптар жалғау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне Документация HP (HP құжаттары) деп жазып, одан кейін Документация HP (HP құжаттары) опциясын таңдаңыз.
Бейне пайдалану Бұл компьютер таңдаулы веб-сайттардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, әсіресе Расширить (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер), одан кейін Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
HDMI аудио параметрлерін орнату HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады: 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз. 3. Төрт дисплей күйі арасында ауыстыру үшін, fn+f1 пернелер тіркесімін басыңыз: ● Компьютер экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көріңіз. ● Көшірмелеу: Экрандағы бірдей кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейту: экрандағы кескінді компьютер және сыртқы құрылғы арқылы кеңейтілген күйінде көріңіз. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көріңіз.
Деректер беруді пайдалану Компьютерді фотосуреттер, бейнелер мен фильмдерді USB құрылғыларынан жылжытып, компьютерде қарауға мүмкіндік беретін қуатты көңіл көтеру құрылғы болып табылады. Көру сапасын жақсарту мақсатына USB Type-C порттарының біреуін компьютердегі ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын қосу және файлдарды компьютерге беру үшін пайдаланыңыз.
5 Экранда шарлау Компьютер үлгісіне байланысты компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістер көмегімен жылжуға болады: ● Сенсорлы қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз. ● Сенсорлы қимылдарды сенсорлы тақтада пайдаланыңыз. ● Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдаланыңыз. ● Экрандағы пернетақтаны пайдаланыңыз. ● Меңзеу таяқшасын пайдаланыңыз.
Екі саусақ көмегімен масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Үш саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта) Әдепкі бойынша үш саусақпен түрту қимылы арқылы тапсырмалар тақтасындағы іздеу жолағы ашылады. Қимылды орындау үшін сенсорлы тақта аймағында үш саусақпен түртіңіз. Бұл қимылдың дәл сенсорлы тақтадағы функциясын өзгерту үшін Пуск (Бастау), Параметры (Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) тармағын таңдаңыз.
Үш саусақпен сырғыту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта) Әдепкі бойынша үш саусақпен сырғыту ашық қолданбалар мен жұмыс үстелі арасында ауыстырады. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз. ● Ашық тұрған терезелер арасында ауысу үшін 3 саусағыңызды сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Бір саусақты сырғыту (сенсорлы экранда) Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін пайдаланыңыз. ● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. ● Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде, батарея зарядын бақылау және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Қуат және күту режимдерін пайдалану МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютер Ұйқы режимінде болғанда, оның бірнеше осал тараптары болады.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады. ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқы режимінен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады. Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын гибернация күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1.
Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде, оның жұмысын аяқтаңыз. Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы режимде немесе гибернация күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе гибернация күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер өнімдері батарея зарядын сақтау үшін графика контроллерлері арасында ауыса алады. HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады. Зарядтау уақыты ±10%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Батареяның қалған заряды 0 мен 50% аралығында болса, компьютер үлгісіне байланысты батарея толық қуаттылығының 50% мөлшеріне дейін ең көбі 30-45 минутта зарядталады.
Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды: ● Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді. – немесе – ● Қуат белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді. ЕСКЕРТПЕ: Қуат белгішесі туралы қосымша ақпарат алу үшін, «Қуат» белгішесін және «Қуат параметрлері» опциясын пайдалану (36-бет) бөлімін қараңыз.
батареяны ауыстыру керектігі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетіліп тұруы тиіс. Бұл тарауда дискіні дефрагментациялау және дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Мына оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
1. Пуск (Бастау) опциясын, кейін Microsoft Store опциясын таңдаңыз. 2. Іздеу жолағының жанындағы есептік жазба профилі суретін таңдап, Загрузки и обновления (Жүктеулер мен жаңартулар) опциясын таңдаңыз. 3. Загрузки и обновления (Жүктеулер мен жаңартулар) бетінде жаңартулар үшін таңдау жасаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Драйверлерді жаңарту үшін 1.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, мына ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз: ● спирт; ● ацетон; ● аммоний хлориді; ● метиленхлорид; ● көмірсутектер; ● бензин немесе сұйылтқыш сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған қандай да бір тазалағыш зат. ЕСКЕРТПЕ: 3. Компьютер толығымен құрғақ болғанша, оны жаппаңыз. Беткейі құрғақ кезде: а. Айнымалы ток көзіне қосыңыз. ә. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын жалғаңыз. б.
Ағаш беткейге күтім көрсету (тек таңдаулы өнімдерде) Құрылғыңыздың беткейі жоғары сапалы ағаш бет болуы мүмкін. Табиғи ағаш өнімдер болса, оларды пайдалану барысында жақсы нәтиже үшін оларға дұрыс күтім көрсету және дұрыс пайдалану өте маңызды. Табиғи ағаштың табиғатына байланысты оның беткейі бірегей және түсі өзгешелеу болуы мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай. ● Ағаш беткейді жұмсақ, антистатикалық микроталшық матамен немесе күдерімен тазалаңыз.
шектеулер болуы мүмкін. Егер компьютердегі сымсыз байланыс құрылғысын қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан бұрын, рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: – Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. – Компьютерді қолдануды жоспарлайтын әрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы мүмкін.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Кесте 8-2 BIOS құпия сөздері және олардың функциялары Құпия сөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды. ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет. ● Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды.
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Саусақ ізін оқу құралы немесе инфрақызыл камерасы бар өнімдерде Windows Hello арқылы саусағыңыздың ізін тіркеуге, бетіңіздің идентификациялық нөмірін және PIN кодының параметрлерін орнатуға болады. Тіркелгеннен кейін саусақ ізін оқу құралы, инфрақызыл камера немесе PIN кодының көмегімен Windows жүйесіне кіре аласыз. Windows Hello орнату үшін 1.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Брандмауэр жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Сымсыз желіні қорғау Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар және әуежайлар сияқты адамдар көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
● 1. Setup Utility (BIOS) қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (51-бет) бөлімін қараңыз). 2. Главная (Негізгі) параметрін таңдап, BIOS нұсқасын жазып алыңыз. 3. Выход (Шығу) тармағын, одан кейін опциялардың біреуін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows жүйесінде ctrl+alt+s пернелер тіркесімін басыңыз. Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (52-бет) бөлімін қараңыз.
3. Алдында жазып алған қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз. 4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe). BIOS орнатылуы басталады. 5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Орнату сәтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
10 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін Windows операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал. Құрал Windows операциялық жүйесінде аппараттық құралдың ақаулықтарын тексеру үшін қолданылады.
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. ● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін пайдалану қажет. HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Windows 10 S компьютерін пайдаланғанда, HP UEFI қолдау ортасын жүктеу және жасау үшін тек .exe пішіміндегі файлдар қолданылғандықтан, Windows компьютері мен USB флэш-жадын пайдалану қажет. Қосымша ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу (57-бет) бөлімінен қараңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу USB флэш-жады дискісіне жүктелген HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралы келесі жағдайларда пайдалы болады: ● HP PC Hardware Diagnostics UEFI алдын-ала орнатылған кескінде жоқ. ● HP PC Hardware Diagnostics UEFI HP Tool бөлімінде қамтылмаған кезде. ● Қатты диск зақымдалған кезде. ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын жүктеп алу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты беті көрсетіледі. 2. Загрузить Remote Diagnostics (Қашықтан диагностикалау құралын жүктеу) опциясын таңдаңыз, содан кейін Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін қолданылатын стандартты процедура: ● Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдарын пайдалану (59-бет) бөлімін қараңыз).
ЕСКЕРТПЕ: Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз қажет. HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP қалпына келтіру медиа құралын жүктелетін USB флэш-жадында жасау үшін HP Cloud Recovery Download Tool құралын пайдалануға болады. Мәлімет алу үшін: ▲ http://www.hp.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз. Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек HP компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Кесте 12-1 ТТ қуат сипаттамалары (жалғасы) Тұтынылатын қуат Мөлшер 16,92 A – 330 Вт қуатында тұрақты ток – 19,5 В Сыртқы HP қуат беру құралының тұрақты ток ашасы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
13 Электрстатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Арнайы мүмкіндіктер HP және арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл компанияның әрбір әрекетінде көрінеді. HP компаниясы адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасауға тырысады. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік. Мақсаты – арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандарға мансаптарын жетілдіруге және дамытуға, сондай-ақ ұйымдарға арнайы мүмкіндіктерді өнімдері мен инфрақұрылымына жақсырақ ендіруге көмектесу.
● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3, 4.2/Jelly Bean) ● HP Chromebook компьютерлері – HP Chromebook немесе Chromebox (Chrome OS) құрылғысында арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP Shopping – HP өнімдеріне арналған перифериялық құрылғылар HP өніміңіздегі арнайы мүмкіндіктер туралы қосымша қолдау қажет болса, ақпаратты Қолдау қызметіне хабарласу (69-бет) бөлімінен қараңыз.
● Түсіндіру (мысалы, суреттерге мәтін баламаларын, дыбыстарға жазуларды, көрмелерге бейнелеуді және түсті контрастты қолдану арқылы) ● Жұмысқа бейімдеу (пернетақтаға қолжетімділікті, түс контастын, енгізу уақытын, бас тартуды және жылжу мүмкіндігін игеруді реттеу арқылы) ● Түсінікті (оқу, болжау және енгізу көмекші құралдарын реттеу арқылы) ● Тұрақты (мысалы, көмекші технологиялармен үйлесімділікті реттеу арқылы) Заңдар мен ережелер Ақпараттық технологияларға және ақпаратқа қолжетімділік заңды маңыз
Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге бейімделу бағдарламасы бойынша Миннесота университеті Шектеулі мүмкіндіктер туралы басқа да ресурстар ● ADA (АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау туралы заң) техникалық көмекші бағдарлама ● Халықаралық еңбек ұйымының Кәсіпкерлік пен мүгедектік мәселелері бойынша жаһандық желісі
Индекс Таңбалар/Сандар 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 67 А ағаш беткейге күтім көрсету 44 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 27 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, қосу 25 Айнымалы ток адаптері және батарея индикаторы, анықтау 5 алдыңғы күйге қайтару 59 АМ (арнайы мүмкіндіктер): мақсаты 65 табу 66 амалдық жүйе басқару элементтері 17 аппараттық құрал, табу 3 арнайы мүмкіндіктер 65 арнайы мүмкіндіктер (АМ) мақсаты 65 табу 66 арнайы мүмкіндіктер бағалауды қажет етеді 66 Арнайы мүмкіндіктер т
дыбысты өшіру индикаторы, анықтау 9 Е екі саусақ көмегімен масштабтау – сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылы 30 ең жақсы тәжірибе 1 Ж жапсырмалар Bluetooth 16 WLAN 16 қызмет көрсету 15 нормативтік 16 сериялық нөмір 15 жауапсыз жүйе 35 желдеткіштер анықтау 6 желдеткіштер, анықтау 4, 14 желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 49 желіге қосылу 17 желі ұясы, анықтау 5 жоғары дәлдікті құрылғылар, жалғау 26 жұмыс ортасы 63 жұмысты аяқтау 35 жүйені қалпына келтіру нүктелері, жасау 59 жүктелу реті, өзгерту 60 З
Ө өнім атауы мен нөмірі, компьютер 15 өте төмен батарея деңгейі 38 П пернелер esc 11 fn 11 num lock 12 OMEN пернесі 12 Windows 11 Windows бағдарлама 11 әрекет 11 калькулятор 11 қуат 10, 11 сенсорлы тақта 13 пернетақта және қосымша тінтуір пайдалану 33 пернетақтаны жарықтандыру әрекет пернесі 12 пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану 33 порттар HDMI 5, 25, 26 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар USB порты 5 USB 4 USB Type-C 28 USB Type-C Thunderbolt 24 порттары HP Sleep and Cha
І ішкі микрофондар, анықтау 7 C caps lock индикаторы, анықтау 9 HP Recovery құралы қалпына келтіру 60 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар USB Type-C SuperSpeed порт, анықтау 4 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар USB Type-C Thunderbolt порт, анықтау 4 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар USB порты, анықтау 5 HP Sure Recover 61 HP Touchpoint Manager 49 HP Жылдам зарядтау 37 HP ресурстары 1 HP ұялы мобильді кең жолақты IMEI нөмірі 19 MEID нө