User's Guide

2 Компьютермен танысу
Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда
орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің нақты түсі, функциялары, опциялар орындары, белгішелер
жапсырмалары және керек-жарақтары көрсетілген кескіндерден өзгеше болуы мүмкін.
Аппараттық құралды табу
Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар
басқарушысы
) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын
таңдаңыз.
Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы
ақпарат алу үшін, fn+esc пернелерін (тек таңдаулы өнімдерде) басыңыз.
Бағдарламалық құралды табу
Бағдарламалық құрал өнімге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Компьютерде орнатылған
бағдарламалық құралдардың тізімін көру үшін:
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін Приложения и
возможности (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
Аппараттық құралды табу 3