User's Guide

Сол жақтағы
Кесте 2-2 Сол жақтағы құрамдас бөлшектер және олардың сипаттамалары
Құрамдас бөлшек Сипаттама
(1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптерін қосады.
(2) Айнымалы ток адаптері және батарея
индикаторы
Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы.
Ақ түсте жыпылықтайды (тек таңдаулы өнімдерде):
айнымалы ток адаптері ажыратылды және батарея
заряды төмен батарея деңгейіне жетті.
Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
Өшірулі: батарея зарядталмайды.
(3) RJ-45 (желі) ұясы/күй индикаторлары Желілік кабелді қосады.
Ақ: желі қосылған.
Сары: желіде әрекет орын алуда.
(4) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB порты
USB құрылғысын жалғайды, деректер беруді қамтамасыз
етеді және (тек таңдаулы өнімдерде) компьютер өшірілген
болса да, кіші құрылғыларды зарядтайды.
(5) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(6) Біріктірілген аудио шығыс (құлақаспап
үшін)/aудио кіріс (микрофон үшін) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға қосымша
автономды микрофонды жалғауға болмайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қауіпсіздікке
және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік
туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне
Документация HP (HP құжаттары) деп жазып, одан
кейін Документация HP (HP құжаттары) опциясын
таңдаңыз.
Сол жақтағы 5