User's Guide

Кесте 2-2 Сол жақтағы құрамдас бөлшектер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Құрамдас бөлшек Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(7) Жад карталарын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад карталарын оқу құрылғысына енгізіп,
нық отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Картаны басып, оны жад карталарын оқу
құрылғысынан алып тастаңыз.
Артқы
Кесте 2-3 Артқы құрамдас бөлшек және оның сипаттамасы
Сипаттама
Желдеткіш Ішкі құрамдас бөлшектерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін
және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс
барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
Дисплей
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
Low Blue Light (Төмен деңгейлі көк түс) режимі (тек таңдаулы өнімдерде)
Көз жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін зауыттан жеткізілетін компьютерде көк түсті жарықты сүзгілеу
режимі қосылған. Сонымен қатар түнгі уақытта компьютерді пайдалану немесе компьютер экранынан
оқу кезінде көк түсті жарықты сүзгілеу режимінің көмегімен көк түсті жарықтың шығарылу деңгейі
автоматты түрде реттеледі.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін, Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау
нұсқаулығын оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін жұмыс орнын реттеу және дұрыс
ұйымдастыру жолдары, денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері
сипатталады. Бұл Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығында маңызды электр және
механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік ережелері де беріледі.
Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын http://www.hp.com/ergo веб-бетінде қарауға
болады.
6 2-тарау Компьютермен танысу