User's Guide

Деректер беруді пайдалану
Компьютерді фотосуреттер, бейнелер мен фильмдерді USB құрылғыларынан жылжытып,
компьютерде қарауға мүмкіндік беретін қуатты көңіл көтеру құрылғы болып табылады.
Көру сапасын жақсарту мақсатына USB Type-C порттарының біреуін компьютердегі ұялы телефон,
камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын қосу және файлдарды
компьютерге беру үшін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
USB Type-C мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпарат алу үшін http://www.hp.com/support веб-бетін
ашып, өнімді табу нұсқауларын орындаңыз.
USB Type-C портына құрылғыларды жалғау (тек таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі
қажет болады.
1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
28 4-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану