User's Guide

Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде, оның
жұмысын аяқтаңыз.
Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы режимде немесе гибернация күйінде болғанда, қуат түймешігін басып
қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе гибернация күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы
ұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз, Питание (Қуат) белгішесін таңдаңыз, содан кейін Завершение
работыұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Қуат түймешігін кемінде 10 секунд басып тұрыңыз.
Егер компьютерде пайдаланушы ауыстыра алатын батарея (тек таңдаулы өнімдерде) болса,
компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
«Қуат» белгішесін және «Қуат параметрлері» опциясын
пайдалану
Қуат белгішесі Windows тапсырмалар тақтасында орналасқан. Қуат белгішесі қуат
параметрлеріне жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін экранда көру үшін тінтуір меңзерін Питание (Қуат)
белгішесінің үстіне орналастырыңыз.
Қуат параметрлерін пайдалану үшін Питание (Қуат) белгішесін түнтуірдің оң жақ
түймешігімен басыңыз, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз.
Әр түрлі қуат белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп
жатқанын көрсетеді. Тінтуір меңзерін белгішенің үстіне орналастыру арқылы заряд төмен деңгейіне
немесе заряд өте төмен деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге
жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан
сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Зарядталған батарея компьютерде болғанда және компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде,
компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Компьютер өшірулі кезде және сыртқы қуат көзінен
ажыратылған жағдайда, компьютердің ішіндегі батареяның заряды баяу түрде азаяды. Заряд төмен
немесе өте төмен деңгейге жеткенде, компьютердегі батарея белгішесі хабар береді.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады.
36 6-тарау Қуат басқару